Алматыға 1 миллионнан астам «Парацетамол» жеткізілді

Алматыға 1 миллионнан астам «Парацетамол» жеткізілді

Алматыға 1 миллионнан астам «Парацетамол» жеткізілді
ашық дереккөзі
Алматыға 1 миллионнан астам «Парацетамол» жеткізілді. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен өткен селекторлық жиында «INKAR» ЖШС бас директоры Әлия Ерімбетова мәлімдеді.  «Дәріханаларда Кезектер бар, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек екенін ескере отырып, 20-25 адамнан артық кіргізбейміз. Науқастар саны көп, бірақ біз жағдайдың түзеліп келе жатқанын байқап отырмыз. Алматыға тауар тоқтаусыз келуде, «INKAR» ЖШС-на 1 миллионнан астам «Парацетамол» келді. Жүкті жөнелтуге байланысты адами фактор тұрғысынан үлкен қиындықтар бар,соған қарамастан, қазір бүкіл кеңсе жұмыс істеп тұр», - деді Ә.Ерімбетова. «INKAR» ЖШС басшысының сөзінше, фармкомпаниялар сұраныстың күрт артуын күтпеген. «Біз барлық ауруханаларды тауарлармен қамтамасыз етеміз, базар мұндай сұранысқа ие болмады, антибиотиктер әдетте тек рецепт бойынша сатылған. Наурыз айынан бастап ақпарат құралдарында көптеген нәрселер жазылды, дегенмен, ел мен қала басшылығы жағдайды шешуге, жеңуге өте мүдделі деп санаймын, ол үшін көптеген дұрыс қадамдар жасалды. Біз ұшақтарды ақысыз жеткізу ұйымын күтеміз - енді жеткізушіні таңдау қалады. Қазір үкімет бәріне қолайлы болу жолдарын қарастыруда - барлық мүмкін нәрсені тездетіп, жеңілдетуде. Өз кезегінде, өндірушілер халық үшін өткізу жүйесі жолға қойылған ескі компаниялардың жеткізуіне басымдық беред», - деп атап өтті ол. Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев дәрі-дәрмек нарығында дүрбелеңге жол берілмейтінін мәлімдеген. Қала басшысының айтуынша, шілде айының соңына дейін 1,2 миллион аспирин, 930 мың парацетамол, 350 мың ибупрофен, ингавириннің 100 мың қаптамасы, 80 мың азитромицин, 40 мың тамифлю және басқа да әлеуметтік маңызы бар дәрілер жеткізіледі.