Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы шаһар басшысының сайтында хабарланды.

«Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 шілдедегі №225ж/қ өкімімен Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды», – делінген құжат мәтінінде.

Алмас Сәдубаев 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген, білімі жоғары. 2005 жылы  М.Х.Дулати атындағы университеттін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақстан-Тараз» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған.

2005-2008 жылдары, жаңалықтар бөлімінің редакторы, «Қазақстан ұлттық телеарнасы» АҚ PR-директоры;

2008-2010 жылдары республикалық «Заң» газеті және журналының бас редакторы;

2010 жылы- Жоғарғы сот төрағасының баспасөз хатшысы;

2010-2011 жылдары- президент әкімшілігінің сарапшысы;

2011-2015 жылдары «ҚР ІІБ Медиа орталығының» бас директоры, Ішкі істер министрінің баспасөз-хатшысы болған.

Жаңа қызметіне дейін Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры лауазымын атқарып келген.

Back to top button