Жаңалықтар

460 қазақстандық кәсіпорын жұмысшыларына уақтылы жалақы төлемеген

ашық дереккөзі

460 қазақстандық кәсіпорын жұмысшыларына уақтылы жалақы төлемеген

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 17 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, республиканың 460 кәсіпорнында 18,3 мың жұмыскерге 1,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы төленбегені анықталған. Мемлекеттік еңбек инспекторлары аталған кәсіпорындардың басшыларына 315 ұйғарым беріп, 41,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салған. «Қабылданған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 17 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,78 млрд теңге жалақы төленді. Жалпы, ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,9 мың тексеру жүргізіп, ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 3 мың фактісін анықтады және 91,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген министрлік хабарламасында.