Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
ашық дереккөзі
Ресей Федерациясы Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. «ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен уағдаластықтарының жалғасы ретінде 8 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласына Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы бортымен гуманитарлық жүк жеткізілді. РФ гуманитарлық жүгінде медициналық маскалар, қорғаныс киімдерінің жиынтықтары мен медициналық препараттар бар. Қазақстандағы гуманитарлық көмектің бірыңғай операторы «СҚ-Фармация» ЖШС болып табылады», - деді министрліктен. Сондай-ақ алдағы жақын уақытта Ресейден тағы бірнеше рейс гуманитарлық жүк жеткізілетіні атап өтілді. «Қазақстан Сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметі мен бауырлас халқына алғысын білдіреді», - деді ведомстводан.