ПТР тестілеу көлемін арттыруға меценаттар көмектесіп жатыр
    
        7 шілде, 2020 /
        Асыл ТҰМАР
    
    
            
    
    
    
                                    ПТР тестілеу көлемін арттыруға меценаттар көмектесіп жатыр
                        
                                    Нұр-Сұлтанда ПТР тестілеу жүргізу көлемі артады.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов: «Жедел тестілеуге өте көп шағым түсетін сәттер де болды. Қазір біздің медициналық қызметкерлер қосымша оқудан өтті. Қосымша зертханалар тартылды. Егер карантин басында бір ғана зертхана жұмыс істесе, қазір олардың санын 8-ге жеткіздік. Сонымен бірге, бізге меценаттар да көмектесіп жатыр. Карантин басында тәулігіне 300 тест ғана жүргізілсе, қазір бір тәулікте 5 мың тест жасалады және бұл көлемді арттыру жұмыстары жалғасады», – деді  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.