Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 50 мыңға жуықтады
7 шілде, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 50 мыңға жуықтады
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1109 адам анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz.
«Қазақстанда өткен тәулікте 1109 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 649 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушылар», – делінген ақпаратта.
Өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 95 / 42
Алматы қаласы - 157 / 41
Шымкент қаласы - 39 / 32
Ақмола облысы - 32 / 25
Ақтөбе облысы - 86 / 59
Алматы облысы - 51 / 40
Атырау облысы - 101 / 94
Шығыс Қазақстан облысы - 62 / 30
Жамбыл облысы - 59 / 32
Батыс Қазақстан облысы - 128 / 102
Қарағанды облысы - 93 / 52
Қостанай облысы - 63 / 22
Қызылорда облысы - 7 / 5
Маңғыстау облысы - 13 / 13
Павлодар облысы - 52 / 34
Солтүстік Қазақстан облысы - 19 / 7
Түркістан облысы - 52 / 19
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 49 683, оның ішінде жазылып шыққаны – 16183, қайтыс болғаны – 264 адам.