Алматыда дәрі-дәрмекті жаппай сатып алушылар ұсталды

Алматы полициясы рейд барысында дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуды ұйымдастырған екі адамды ұстады, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Өткен түнде ПД жедел бөлімінің қызметкерлері рейд барысында дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуды ұйымдастырған екі адамды анықтады. Олардан «Ингавирин», «Тамифлу» және «Парацетамол» дәрілері тәркіленді. Бұл факт бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полициядан.

Back to top button