Моңғолиядағы «Шыңғысхан» халықаралық әуежайының атауы өзгерді

Моңғолиядағы «Шыңғысхан» халықаралық әуежайының атауы өзгерді

Моңғолиядағы «Шыңғысхан» халықаралық әуежайының атауы өзгерді
ашық дереккөзі
Моңғолия астанасы Ұланбатырдағы «Шыңғысхан» халықаралық әуежайының атауы ресми түрде «Буянт-Ухаа» болып өзгертілді, – деп жазды ҚазАқпарат montsame агенттігіне сілтеме жасап. «Үкіметтің 2019 жылдың 18 желтоқсанындағы №455 қаулысына сәйкес, ел астанасындағы «Шыңғысхан» халықаралық әуежайы 1 шілдеден ресми түрде «Буянт-Ухаа» әуежайы болып аталады», – делінген ақпаратта. «Буянт-Ухаа» әуежайы халықаралық және өңірлік рейстер үшін резервті әуежай ретінде қолданылады. Сондай-ақ авиациялық дайындық және білім беру, чартерлік рейстер, авиалайнерлерге қызмет көрсету және азаматтық авиацияның өзге де қызметтері үшін пайдаланылатын болады. «Хушиг алқабында жаңа әуежай ресми іске қосылғанға дейін «Буянт-Ухаа» өз қызметін қалыпты режимде атқара беретін болады. Қазіргі уақытта МИАТ ұлттық әуе тасымалдаушысы «Буянт-Ухаамен» шет мемлекеттерден азаматтарды қайтару бойынша чартерлік рейстер атқаруда. Ал Хунну эйр, Аэромоңғолия авиакомпаниялары кесте бойынша бағыттарды орындауда», – деп жазады агенттік.