5 Шілде, 21:03 552 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Дәрі-дәрмек бағасын арнайы топ тексереді

Сурет интернеттен алынды
Сурет интернеттен алынды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов дәріханадағы дәрі бағасын арнайы топ тексеретінін айтты.

«Халықты толғандыратын негізгі мәселелер аз емес. Дегенмен, негізгі мәселе -дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Қазақстанда 8 мыңнан астам дәріхана бар. Отандық өндіріс есебінен олардың барлығын 30 пайыз деңгейінде қамтамасыз етіп отырмыз. Қалғаны сырттан импорт есебінен әкелінеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нарықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан бірқатар шаралар қабылданады. Атап айтқанда, бір тәулік ішінде дәрілік заттарды әкелуге біржолғы рұқсат беруге өтінім қаралуда. Дәрі-дәрмекті сертификаттау және сертификат берудің жеделдетілген рәсімдері қолданылды», – деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, әкімдіктермен бірлесіп, көтерме сауда қоймаларындағы дәрі-дәрмек қоры, бағасы тексеріліп, препарат бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін дәріханаларды аралап тексеретін арнайы мониторинг топтары жұмыс істейді.

«Осының бәрін ескеруіміз керек. Қызуды төмендететін, антибактериалды, вирусқа қарсы препараттарды тек емдеуші дәрігердің ұсынысымен ғана ішу керек. Өз бетіңізше емделу қауіпті екенін өздеріңіз де естіп, біліп отырған шығарсыздар», – деді ол.

Соңғы жаңалықтар