COVID-19: вакцина кімдерге салынады?

COVID-19: вакцина кімдерге салынады?

COVID-19: вакцина кімдерге салынады?
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаға қатысты жоспарларымен бөлісті. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жасауды жоспарлау вакцина әзірленіп, клиникалық сынақтан өткеннен кейін және препарат бағасы анықталғаннан соң басталуы мүмкін. Қазіргі уақытта вакцина әлі әзірленбеген және оның бағасы да айқындалған жоқ», – деп мәлім етті Денсаулық сақтау министрлігінен. Сонымен қатар ведомствоның атап өтуінше, алдын ала болжамға сәйкес, вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар тәуекел тобына кіретін адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынатын болады. Вакцина алатын адамдардың болжамды саны 2 347 000 адамды құрайды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 47 171 адамға жетіп отыр.