Алматы полицейлері көпірден секірмек болған жігітті құтқарды

Алматы полицейлері көпірден секірмек болған жігітті құтқарды

Алматы полицейлері көпірден секірмек болған жігітті құтқарды
ашық дереккөзі
Алматыда полиция қызметкерлері қыз үшін өмірімен қоштаспақ болған жігітті құтқарды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Департамент дерегінше, 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы көпірден секірмек болған. «Халиуллин көшесімен оңтүстікке келе жатқанда Құлжа тас жолы көпірінде бір жігіттің секірейін деп тұрғанын көрдік. Менің әріптесім Жандос Дүйсенбеков бірден жігіттің қасына барып уақытты созуға тырысты. Мен екінші жағынан бардым. Бұл жігіт сүйген қызымен ұрысып қалып, күйзеліске түскен екен. Біз екеуміз әңгімемен назарын бұрып жатқан кезде өтіп бара жатқан автомобиль жүргізушілерінің бірі арт жағынан келіп қапсыра құшақтап ары тартып кетті. Жүргізушіге көп рахмет айтамыз. Ол біз сөйлесіп жатқанда сыртымыздан бақылап тұрды. Кейін көмек керек екенін түсінгенде бізбен ымдаса отырып, арт жағынан алып кетті», - деді қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының арнайы батальон инспектор Ермек Меңғалиев. Күйзеліске түскен жігіт қазір дін аман. Мән-жайды түгел түсіндіріп айтып берді. Оған психологиялық көмек көрсетілді.