Ауыр атлетшілер сегіз жылға шеттетілді

Ауыр атлетшілер сегіз жылға шеттетілді

Ауыр атлетшілер сегіз жылға шеттетілді
ашық дереккөзі
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық зілтеміршілер – Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды допингке байланысты спорттан шеттетті. 2015 жылы желтоқсан айының соңында IWF Хьюстонда өткен сол жылғы әлем біріншілігі кезінде тапсырған допинг-сынамаларынан тыйым салынған препараттар табылғаны үшін қазақстандық спортшыларды уақытша спорттан шеттеткен болатын. Енді халықаралық ұйым Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды 4 жылға, ал тыйым салынған препаратты қайталап қолданғаны үшін Жасұлан Қыдырбаевты 8 жылға спорттан шеттетті. Одан бөлек, Өтешев пен Қыдырбаев Хьюстонда өткен әлем чемпионатында алған медальдарынан айырылды. Естеріңізде болса, байрақты бәсекеде Алмас күміс, Жасұлан қола медаль еншілеген еді.