Коронавирус жұқтырған шенеуніктер қай жерде емделіп жатқаны белгілі болды
Коронавирус жұқтырған шенеуніктер қай жерде емделіп жатқаны белгілі болды
Еліміздің бас санитары коронавирус жұқтырған лауазымды шенеуніктер қандай ауруханада емделіп жатқанын айтты.
«Шенеуніктерді ауруханаға жатқызу бойынша жеке тәртіп жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің бәрі де – саяси болсын, әкімшілік қызметкерлер болсын ауру дәрежесіне қарай инфекциялық стационарларда ем алып жатыр. Ведомстволық ауруханаларда инфекциялық ауруларды емдеу қарастырылмаған. Олардың бұл жұмысты жүргізетін лицензиясы жоқ. Сол себепті мемлекеттік қызметшілерге жалпы тәртіп бойынша ем жасалады», - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.
Айта кетейік, бұған дейін бас санитар елімізде пневмониядан көз жұмғандардың статистикасын жариялаған болатын.