3 Шілде, 12:30 524 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Алматының Алатау ауданында 10 күн ыстық су болмайды

Алматының Алатау ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, Алатау ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су 10 күнге өшіріледі.

«2020 жылдың 7 шілдесі мен 17 шілдесі аралығында «Саялы-2» ықшам ауданында ыстық су болмайды. Арқалық және Саин көшесінің шығыс жағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су беру шектеледі» делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты енгізілген.

 

Соңғы жаңалықтар