Ким Чен Ын КХДР аумағында неліктен коронавирус жоқ екенін түсіндірді
Ким Чен Ын КХДР аумағында неліктен коронавирус жоқ екенін түсіндірді
КХДР басшысы Ким Чен Ынның айтуынша, коронавирустың ел аумағына енбеуі Еңбек партиясы Орталық комитетінің және халық бірлігі арқасы.
Солтүстік Корея басшысы мұндай пікірді Еңбек партиясы Орталық комитеті саяси бюросының кеңейтілген отырысына айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Құрметті жоғарғы басшы алты айлық мемлекеттік төтенше жағдайды бақылау және эпидемияға қарсы жұмыстарды нақты талдап, дүниежүзілік денсаулық сақтау дағдарысына қарамастан, біз қатерлі вирустың біздің аумаққа кіруіне толықтай тыйым салып отырғанымызды және тұрақты эпидемияға қарсы ахуалды сақтайтынымызды мәлімдеді", – делінген Кореяның орталық телеграф агенттігі хабарламасында.
Агенттіктің хабарлауынша, Ким Чен Ын бұл жетістікке "партияның Орталық Комитетінің көрегендікпен басқарушылық қабілеті мен партияның бұйрығы мен жарлығына сай жұмыла әрекет ететін бүкіл халықтың жоғары саналы ауызбіршілігінің арқасында қол жеткізілгенін" атап өткен.
Ресми деректерге сәйкес, күні бүгінде дейін КХДР-да коронавирус індетін жұқтырудың бірде-бір дерегі анықталмаған.