Карантин кезінде қандай пойыздардың қозғалысы тоқтайды
Қазақстанда карантиннің күшеюіне байланысты жолаушыларды пойызбен тасымалдауға қатысты шектеу шаралары енгізілді.
Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Осы жылдың 2 шілдесінде, елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, мемлекеттік комиссия темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады", - делінген министрліктің хабарламасында.
Осыған байланысты 5 шілдеден бастап №321/322 "Алматы – Сарыағаш" жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады.
Сонымен қатар, бірнеше жолаушылар пойызының жүру жиілігі қысқарады.
Атап айтсақ, №3/4 "Алматы-Нұр-Сұлтан", № 31/32" Алматы-Павлодар" және № 67/68" Нұр-Сұлтан-Өскемен " пойыздары бұрынғыдай күн сайын емес, күнара қатынайды.
Ал №257/258 "Нұр-Сұлтан-Достық" пойызы аптасына екі рет емес, тек бір рет жүреді.
Бұған дейін 1 шілдеден елордадан шығатын үш пойыздың қозғалысы уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын.
- №19/20 "Нұр-Сұлтан-Атырау";
- №95/96 " Нұр-Сұлтан-Орал";
- №701/702 "Нұр-Сұлтан-Алматы".
Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, бірінші маусымнан жолаушылар пойыздарының қозғалысы кезең-кезеңмен жандана бастады. Бүгінде 93 пойыз қатынайды.