Нұрсұлтан Назарбаев: Сырттағы ағайын әрдайым көңіліміздің төрінде

1. Сізді атамекен Қазақстанмен не байланыстырады?
2. Шетелдегі қандастар мен атажұрттағы ағайынның арасындағы рухани-мәдени
қарым-қатынасты нығайту үшін қандай істер атқарылуы қажет деп ойлайсыз?
3. Соңғы кездегі Қазақстанда жүргізіліп жатқан көші-қон саясаты жөнінде ойыңыз
қандай? «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауым дас тығының жұмысын
жетілдіру бойынша қандай ұсыныс айтар едіңіз?
4. Шетелдегі қазақтілді ақпарат құралдары жайлы айта кетсеңіз. Олардың шетелдегі
орны, пәрмені қандай және атажұрттағы БАҚ-пен байланыс қай дең гейде?
5. Атамекенге оралу ойыңызда бар ма?

Әбдуақап ҚАРА, тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан
көркем өнер университетінің профессоры:

– Биыл Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанға 22 жыл, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың туғанына 80 жыл толып отыр. Екеуі Қа­зақ­стан тәуелсіздік тарихында және дүниежүзі қа­зақтарының тарихында ерекше орынға ие. Нұр-Сұлтан қаласы бүгінде Қазақстан тәуелсіздігінің символы және ұлы табысы. Өйт­кені қысқа уақытта қазақ халқы Арқ­аның төсінде заманауи және әлемге үлгі боларлық әдемі қала салды. Әлемде бұл некен-саяқ кездесетін құбылыс. Сонымен қатар бұл Ұлы дала мәдениетінің бүгінгі өкілі болып саналатын қазақтардың қала мәдениетін де мықты меңгергенін әйгілеп отыр. Бұған дейін қазақтар және оның арғы аталары тек мал соңында жүрген көшпенді халық ретінде көрсетілді. Бұл қате пікір еді. Өйткені түркілер ежелгі тарихтан әрі көшпелі, әрі отырықшы халық еді. Оның бір­сыпырасы көшіп-қонып жүріп мал бақса, екінші бір бөлігі қала салып, жер жыртып, егіншілікпен және саудамен айналысқан еді. Міне, бүгін қазақтар мұның екеуін де бірдей табыспен іске асырған дара түркі халқы болып отыр.

Елбасының дүниежүзі қазақтары, оның ішінде Түркия қазақтары үшін айрықша орны бар деп бекерден-бекер айтпадық. Елбасы Н.Назарбаев 1991 жылы Стамбұлда Түркия қазақтарымен арнайы кездесіп олардың арман-мақсаттарын тыңдаған. Сол кезде ондаған жылдар Отанынан, елінен алыста жүрген түркиялық қазақтар өшкені жанып, өлгені тіріліп, Елбасымыз келді деп қуаныштан жарыла жаздаған еді.

Содан кейін Нұрсұлтан Әбішұлы бір жыл өтпей жатып, Алматыда дүниежүзі қазақ­тары құрылтайын өткізді. Сол кезде көптеген шетел қазақтарының табаны бірінші рет атамекенге тиді. Ол – Түркия қа­зақтарының есінен ешқашан кетпейтін тарихи сәт.

Түркияда Елбасының беделі, даңқы қазіргі таңда өте жоғары. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, Елбасы Қазақстанды Еуразияның жарқыраған жұлдызды шағына жетелеген көреген басшы, табысты жетекші ретінде танылуда. Екіншіден, Түркі дүниесі ынтымақтастығының көшбасшысы ретінде құрметтеледі. Сондықтан Түркия прези­денті Режеп Тайып Ердоғанның ұсынысы­мен Елбасын Түркі мемлекеттер ынтымақ­тас­тығы Кеңесінің (Түркі кеңесі) құрметті төрағасы ретінде сайлады. Үшіншіден, Ресей мен Түркия арасындағы ұшақ апатына бай­ланысты салқындық кезінде дәнекерлік жа­сады және төртіншіден, Астана кездесу­лерін ұйымдастыру арқылы Сирия мәсе­лесінде тараптардың басын қосып бір ымы­­раға келтіргені үшін жоғары бағалану­да. Бұл да түптен келгенде Түркия қазақ­тары­ның да  беделін көтеруде. Сонымен қатар Түркия және Еуропа елдеріне барған сапарларында сондағы диаспора өкіл­дерімен кездесулер ұйымдастыратын. Сон­дықтан осы 80 жылдықта Елбасыға «Дү­ние­жүзі қазақтары қауымдастығы құрметті төрағасы» атағы берілсе құба-құп болар еді.

Міне, мені атажұртпен осындай ірі та­ри­хи оқиғалар мен тарихи тұлғалар бай­ла­ныстырып тұрады.

 

Әкбар АЮБИ, қоғам белсендісі, эко­номист:    

– Мені атажұртпен екі нәрсе байла­ныс­тырып тұрады. Бірінші, тарихи жағдай. Әр­бір адам баласы «Мен кіммін?» деген сұ­рақ­қа жауап іздейді. «Мен кіммін, біз кім­біз?» деп ойлана бастағанда өзіңнің ұлтың ту­ралы білесің. Біз қазақпыз. Сондықтан қа­зақ деген ел туралы үнемі ойланып жүр­дім. Біздің атажұрттан жырақ кетке­німізге бір ғасырдан астам уақыт болды. Аталары­мыз көшіп жүрді, мен шетелде туған ұрпақ­пын. Міне, осылай үзілмеген тарихи бай­ла­ныс бізді жалғап тұрады. Адам баласының өзі­не «Кіммін?» деу арқылы өз ұлтын іздеуі – нағыз байланыс.

Екінші байланыстырып тұрғаны бір апайым қазақ елінде тұрады. Әрі өмірлік се­рігімді Қазақстаннан таптым. Яғни бұл – туыстық қарым-қатынас. Осы ағайын-туыс­қа барыс-келіс, сосын өзім белсенді ин­тернет қолданушы ретінде де көп қан­дас­тармен хабарласып тұрамын және Қа­зақ­станға деген қызығушылығым басым. Екі жыл Қазақстанда тұрдым, сол кезде тапқан таныстар бар, осының бәрі мені атажұртпен байланыстырып тұрады.

 

Шәмелхан БҰҚАТХАНҰЛЫ,  мал шаруа­­шылық маманы, кәсіпкер:

– Мені атамекенмен байланыстыратын бір нәрсе – ол бабаларымыздың жатқан жері. Шығыс Қазақстан облысы Шар өзе­ні­нің бойында сегізінші атам Шақабай батыр Есентайұлының сүйегі жатыр. Сонымен қа­тар мен қазақ боп туғандықтан қазақ елін­де өмір сүріп, өсіп-өнуім және сол елдің өр­кендеуіне өз үлесімді қосуым керек деген сезім байланыстырып тұрды.

 

Қарлығаш  ЖАҚСЫБАЕВА,  мұға­лім:

– Тағдырдың тәлкегіне ұшырап жер жү­зіне тарыдай шашырап кеткен қандас қазақ бауырларымыз көп. Олар туған жері мен атамекенін теңдей сүйетін жандар. Олар­дың арасында мен де бармын. Мен жеке тұлға ретінде атажұртым Қазақстанды сүйемін. Мені Қазақстанмен байланыс­ты­рып тұратын ұлы сезім бұл – сағыныш. Ту­ған жер сағынышы. Атамекенді аңсап, осы елдің тілеуін тілеп жүремін.

 

Әбдуақап ҚАРА:

– Әуелі Қазақстанда диаспора саясаты жоқ. Сондықтан Қазақстан ең бірінші диаспора саясатын белгілеуге күш жұмсауы керек. Оның концепциясы – диаспораны қазақ елінің мүддесіне бейімдеу. Ашығын айтқанда диаспораны қазақ елі мәңгі ел етуге үлес қосатын күшке айналдыруға бағытталуы керек. Бүгінге дейін Қазақстан диаспора саясаты дегенді, оларды елге көшіріп  әкелу, яғни көші-қон саясаты деп қана қолданып келді. Бұл да керек, әрине және ол кең ауқымды диаспора саясатының өзі емес, бір бөлігі ғана болуы тиіс. Сосын елге көшіру саясаты емін-еркін өмір сүрген қазақи салт-дәстүрін, атамекенмен бай­ла­нысын кедергісіз жалғастырып келе жатқан елдердегі қазақты емес, тілі, діні құрып бара жатқан қазақты, яғни ұлттық болмысын жоғалтып алуға таяған елдердегі қазақтарды кө­шіріп әкелуге бағытталғаны жөн деп есеп­теймін.

 

Әкбар АЮБИ:

– Мұның екі жолы бар деп ойлаймын. Бірін­ші азаматтық, екінші мемлекеттік деңгейде. Яғни, қазақтар алыс-жуық демей туыстықты сақтау үшін қыз алысып, қыз бері­сіп құдаласу арқылы байланысты үзбеу қажет. Ал мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралар көп. Мәселен, «Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы атқарған жұмыстарымен енді танысып-білісіп жатырмыз. Дейтұрғанмен де мем­лекеттік деңгейде рухани-мәдени қарым-қа­тынасты нығайту үшін атқарылып жат­қан іс-шаралар көп болғанымен, нәтижесі анау айтқандай емес. Сондықтан әуелі қа­зақ­тар өзара адами туыстық қарым-қа­тынасты нығайтуы қажет деп ойлаймын. Бір тілде сөйлейтін адамдар арасында қа­рым-қатынас, мәдени байланыс болуы үшін туыс болғаны мейлінше тиімді.

Мемлекеттік деңгейдегі көп жұмыс қа­ғаз бетінде басталады да, сол қағаз бетінде қалып жататыны жасырын емес. Еуропадағы қа­зақтар мәдени орталық құрып, Қазақ­станмен байланыс жасаймыз деген мақсат бар еді. Ол жүзеге асқан жоқ. Жоспарлар көп. Бірақ ауыз толтырып айтарлықтай іс өнген жоқ. Мысалы, шетелдегі қазақтарды мемлекеттік жұмысқа алмайды. Еуропадағы Қазақстан елшіліктеріне талай кірдім. Сол жердегі қазақтардан жұмысқа адамдар алың­дар деп. Бір-бірінен тіл үйренсін деген мақ­сатта. Олар да алмады.

Шетелдегі қазақтардың жұмыс істеуі үшін «Қазақ картасы» туралы айтылған бо­ла­тын. Сол жүзеге асса, қандастар үшін үл­кен қолдау болар еді.

 

Шәмелхан БҰҚАТХАНҰЛЫ: 

– Атажұрттағы ағайындар мен шетелдегі қандастар мемлекеттік деңгейде және руханият пен мәдениет саласы бойынша тығыз қарым-қатынас орнату үшін ел сая­саты қолдау білдірсе және тиісті заң шы­ғарылса ғана нәтижелі іс жүреді деп ойлаймын. Екі жақ ортақ келісімге келіп, мәдени қарым-қатынас және өзара рухани ық­палдастық арқылы екі елдің заң шең­берінде ынтымақ пен достықты дәріптей отырып, білім саласы бойынша жастарды көбірек тарту қажет. Сонымен қатар шетелдегі ақпарат құралдарына қолдау жасау, кітап шығару секілді нақты қадамдар жасалса. Ал шетелдегі қазақтар Қазақстанды дәріптейтін кино және ақпарат құрал­дарына көбірек көңіл бөлуі керек сияқты. Еларалық барыс-келістің жолдары жеңіл­деуі қажет. Мұның Қазақстан үшін де тиімді жақтары мол.

 

Қарлығаш ЖАҚСЫБАЕВА:

– Шетелдегі қандастарымыз бен ата­жұрт­тағы қандастар арасындағы рухани  қа­рым-қатынас күшейе түсті деп айта ала­мын. Қарақалпақ еліне Ақтөбе облысынан әнші­лердің келіп концерт беруі достық қа­тынастың нышаны болды. Ақтөбе қала­сының көшпелі мұражайы Нөкіс қаласына келіп көрме ұйымдастырды. Екі ел арасында рухани-мәдени шаралар кең өріс алды. Қарақалпақ Ұлттық университетімен бірге әрқилы ғылыми жобаларға қатысып жатыр. Екі ел бір-бірімен өздерінің озық тәжіри­белерімен бөлісті. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен «Абай шы­ғармаларын кең түрде насихаттау бойынша іс-шаралар» орындалды. Осы ша­ралар еліміздің қазақ халқына достық қа­тынасының бірі десем де болады

Әбдуақап ҚАРА:

– Түптеп келгенде, шетелдегі қазақ диас­порасы ұлттық рухты күшейтеді. Келе­шекте Қазақстанның елдік мүддесіне қыз­мет ететін болады. Өйткені ана тілін біл­меген қазақтан Қазақстанға пайда келмейді. Со­нымен қатар қазақ диаспорасы ата­меке­нін де жақсы танып-білгені жөн. Өйткені елін білмеген диаспора Қазақстанға қызмет ете алмайды. Ең бастысы олар тұрған ел­дерінің ғылыми-техникалық жетістіктері мен тәжірибесін атажұртқа апарды. Ин­вестиция тартуға септігі тиеді. Олар шетелде жү­ріп те қазақ елінің ұлттық имиджін кө­тере алады. Бірақ атажұрттағы елдің жағ­дайын білмесе, оған не керек екенін түсін­бесе, пайда жоқ. Сондықтан да шетелдегі қазақтар Қазақстанға көшпей тұрып та мықты қарым-қатынаста болғаны жөн.

 

Әкбар АЮБИ:

– Мен 1994 жылы Қазақстанға барып, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында 6 ай жұмыс істегенмін. Сонда IT саласы бойын­­ша өзімнің біршама тәжірибеммен бө­лістім. Сол кезде шетелдегі қазақтарға Қазақстанға келу үшін виза жағынан кө­мек­тесетін едік. Қазір қалай екенін біл­мей­мін, бірақ бұрын бұл ұйым сондай ресми тұрғыда пәрменді болған жоқ.

Көші-қон мәселесінде көңілге қаяу тү­сіретін бір жайт – қандастардың атажұрты өз елінде құжаттарын ала алмай қаңғып жүруі. Жақында ғана Ауғанстаннан барған бір таныстарым 4 жыл бойы азаматтық ала алмай қиналып жүргенін айтты.

Ал «Отандастар қоры» – енді ашылған жаңа ұйым. Қаржылық мүмкіндіктері бар. Олар­мен бірге Еуропада іс-шаралар атқара­мыз деп жатырмыз. Нәтижесін алда көреміз.

Өзім Еуропа қазақтар қауымдастығында бас­шының орынбасары қызметіне дейін жұмыстар атқардым. Сонда Қазақстандағы жо­ғарыда аты аталған қоғамдық ұйымдар­мен жұмыс істеу өте қиын екенін көрдім. Көбі Еуропадағы қазақтардың жағдайы үшін емес, Еуропаны көріп қыдырып қайт­қысы келеді. Қазаққа жаны ашып жұмыс іс­тейін азаматтар аз екені қынжылтады. Со­сын Қазақстандағы ұйымдар 15 күн қал­ғанда бір іс- шараларына шақырады. Мы­салы, қазақ балаларын лагерьге шақырды. Ал Еуропада адамдар бір жылға жоспар жа­сап қояды. Қазақстандағы ұйымдар асы­ғыс, аяқасты шешім шығарады да, бір ша­раны тез-тез өткізіп тастағысы келеді. Бұл біз­бен сәйкеспейді. Көп игі іс-шаралардан қа­лып қоямыз.

 

Шәмелхан БҰҚАТХАНҰЛЫ:

– Мен келгелі бір жарым жылдан асып барады. «Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қа­зақтары қауымдастығының қалай жұмыс істеп жатқанынан хабарсызбын. Соған қа­рағанда әлі де нақты әрі маңызды істер ат­қарылмай жатқан шығар. Ал көші-қон са­ласы бойынша азаматтық алудың жо­л­дары жеңілдеді деп естідім. Қазір 3 айда аза­маттық алуға болатын көрінеді. Бұл да іл­герілеудің басы деп ойлаймын.

Президенттің Қытайда шыққан дипло­ма­тия жайлы кітабын оқып шықтым. Менің пайымдауымша, президентіміз диплома­тия­лық жолдармен шетелдегі қазақ диас­пора саясатын әлі де жетілдіре түседі деп ой­лаймын.

Шетелден қандастар көшіп келген соң Дү­ниежүзі қазақтарының қауымдастығы не­месе «Отандастар қорына» мамандығы бойы­нша тіркелсе, олар жұмыспен қамту ор­талығы арқылы мамандығы бойынша жұ­мысқа орналасуына ықпалын тигізсе, бұрын­ғы мамандығына қарай қызмет бе­рілсе, жұмыссыздық мәселесі шешілер еді.

Басқа елдерден келген ағайынды біл­меймін, Қытайдан келгендердің көбі егінші-малшы. Оларға жер берсе, қалған мәселе олар үшін қиындық тудырмайды.

Мысалы, мен 20 жыл ауыл шаруа­шылы­ғын басқару саласында істедім. Жолдасым – мұғалім. Бірақ келгелі бері әлі жұмыс таба алмадық. Дипломды Білім министрлігіне апарсақ, олар Сыртқы істер министрлігіне сіл­тейді. Олар бұл мәселені біз білмейміз дей­ді. Қазір шыны керек, тіршілік ету үшін алаң­дай бастадық.

 

Қарлығаш ЖАҚСЫБАЕВА: 

– Оралман атауын өзгертіп «қандас» деп атау­дың өзі үлкен бір бұрылыс болды. Тәуел­­сіздік жылдарында көптеген қандас бауыр­лар елге, атажұртқа оралды. Қан­дас­тарымыздың елге оралуы Қазақстан Пре­зидентінің көші-қон бойынша жүргізген саясатының нәтижесі деп білемін. «Отандас­тар қоры» да бұл мәселеде  өз септігін тигізді. Алыстағы қазақты қолдау, олардың бас­ты мәселесі болып отыр. Казір «Отан­дастар қоры» көптеген шаралар, байқаулар ұйымдастырып жатыр. Мысалы, Абай ата­мыздың 175 жылдығына орай «Абай  әлемі» атты халықаралық байқау ұйымдастырды. Мұнда шетелдегі бауырларымыз қатысты. Осылай жалғаса берсе, нұр үстіне нұр бо­лары анық. Бұл қорға өз ризашылығымды біл­діргім келеді.

 

Әбдуақап ҚАРА:

– Диаспора саясатында шетелдердегі қа­зақ мәдени орталықтарының іс-ша­ра­ла­рын, кітап шығару, журнал-газет шығару, ақпарат құралдарын қолдау сынды нақты қол­дау көрсетілуі қажет. Бүгінге дейін мұн­дай нақты қолдау болмай келе жатыр. Алай­да бұл өте маңызды жайт. Мәселен, қазір Стамбұлда Қазақ білім және зерттеу қоғамы деген ұйым бір пәтерді жалға алып отыр. Айына 500 доллар төлейді. Қоғамның еш­қан­дай кірісі жоқ. Бір-екі адам қалтасынан беріп отыр. Бірақ қашанғы береді? Сон­дық­тан қоғамдық ұйым соны ай сайын төлеуге қиналып отыр. Бәлкім, бір-екі жылдан кейін ол жабылып та қалатын шығар. Қазақ және түрік тілдерінде жарық көретін тоқсандық «Қазақ елі» журналын да қиыншылықпен шы­ғарып келеді. Ол да кейін тоқтап қалса таң­ғалмаймын.

 

Әкбар АЮБИ:

– Шетелдегі қазақтілді ақпарат құрал­дары жайлы айтсақ, Еуропада бұл жағы кем­шін. Ал атажұрттағы БАҚ-пен байланыс бар. Қазір интернет заманы. Бірақ сол ақ­парат­ты тұтынатын жастар азайып бара жат­­қаны алаңдатады. Бұл – зерттеуді және «Отандастар қорының» қолдауын қажет ететін ең маңызды сала.

 

Шәмелхан БҰҚАТХАНҰЛЫ:

– Қытайдағы «Жібек жолы» деген ин­тер­нет порталда, қытай тілінде Қазақстан тура­лы ақпарат беріп тұратынын көрдім. Ал Қытайдағы қазақтармен ақпараттық бай­ланыс қай деңгейде екенін білмедім. Мұны арнайы зерттейтін мамандар немесе жалпы шетелдегі қазақтілді ақпарат құрал­дарын зерттейтін бір орталық қажет. Сол арқылы зерттеп, біліп отыруға болар еді.

 

Қарлығаш ЖАҚСЫБАЕВА:

– Біздің Өзбекстанда қазақ тілінде шы­ғып тұрған «Нұрлы жол» газеті бар. Ал Өз­бек­­стан  телеарнасында «Дидар» деген бағ­дар­ла­ма, Қарақалпақстан телеарнасында «Ал­­тын аймақ» бағдарламасы, Қарақалпақ радиосында «Атамекен» деген радиохабар бар. БАҚ өкілдері мемлекеттегі қазақ бауыр­ларымыз туралы мағлұматтарды беріп тұрады.

 

Әбдуақап ҚАРА:

– Осы орайда диаспора саясатын мықты белгілеуде ең маңыздысы Қазақстанда қазақ диаспорасын зерттеу орталығы болу керек. Қай елде қанша қазақ тұрады, олардың жас мөлшері, сауаттылық деңгейі, кәсібі, маман­дық­тары сияқты әр елдегі қазақтардың ерек­шеліктерін зерттеп білетін мамандар болуы керек. Өйткені бір ел диаспорасын жіті танып-білмесе, қалай диаспора саяса­тын белгілейді? Қалай олардың күшін ел мүд­десіне жарата алады? Міне, сондықтан да халқының үштен бір бөлігі шетелде өмір сүретін  Қазақстанға диаспора зерттеу орта­лығы ауадай қажет. Сонда ғана шетел қа­зағы ұлттық болмысын сақтап, қазақ елінің мүддесіне кәдеге жарату жөнінде ұтымды саясат жүргізуге болады. Шетелдегі жалпы 5 миллионнан астам қазақты Қазақстан мүддесіне қызмет ететін жағдайға көтеру деген сөз – Қазақстанның болашағы үшін жүр­гізілген елдік нысана-мақсаттарын нақты іске асыра алады деген сөз. Сондық­тан бұл Қазақстан үшін стратегиялық қа­дам.

 

Әкбар АЮБИ:

– Өзім туралы қысқаша айта кетейін. Мен 1972 жылы Ауғанстанда дүниеге кел­дім. Мектепті енді бастап жатқан кезде со­ғыс басталып кетті де, 8 жасымда Иранға өт­тім. Ол жерде де жағдайымыз қиын бол­ды. Бала болсақ та жұмысқа жегілдік. Содан кейін 15 жасымда босқын болып Данияға кел­дік. Ираннан Данияға квота арқылы бар­дық. Барлық шығынды Дания мемлекеті көтерді. Дат тілін үйреніп, мектепке дайын­далдым. 18 жасымда даниялық балалар 9 жыл оқыған білімді мен бір жылда игердім. Емтихандарынан да өттім. Одан кейін Данияның бір жобасымен атажұртқа Арал­ға келдім. Сол жердегі балық шаруа­шы­лы­ғы­на қызметке келген болатынмын. Сонда жүріп қазақстандық қызбен таныстым. Ол студент болатын. Сонымен, мен екі жыл Қа­зақ­станда қалдым. Маған Қазақстан ұн­ады.

Одан қайта Данияға келіп университетте экономика мамандығы бойынша оқыдым. Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік бол­мады. Данияда ірі компанияларда қызмет атқар­дым. Қазір де жақсы қызметтемін. Ал елге көшуге келсек, бізде қорқыныш бар. Қазақстанда кәсіппен айналысуға әлі мүм­кіндіктер аз сияқты. Мысалы, менің еу­ропа­лық тәжірибемді ол жақта қажет ете ме? Жұмысқа орналасу, өмір сүру деңгейі және онда барғанда отбасылық жағдай қалай болады, осының бәрі мені алаңтады. Бұл ретте адам біраз шынайы болуы керек.

 

Шәмелхан БҰҚАТХАНҰЛЫ:

– 2018 жылы жолдасым екеуміз 20 жыл­дық қызметімізден заңды өтініш беріп, шық­тық. Содан кейін Алтай қаласынан бір­жолата Астанаға көшіп келдім. Келген соң 6 айда азаматтық алдым. Қиналғамыз жоқ. Қазір қалада таксист болып жұмыс істеп, тіршілік етіп жатырмын.  Жолдасым үйд­е, екеуміз де әлі қызметке орналаса ал­ма­дық.  Атажұрттың топырағын басып жүр­геніме тәуба деймін.

 

Қарлығаш  ЖАҚСЫБАЕВА:

– Әрбір адам өз атажұртына оралғысы ке­леді. Қазақстанда өмір сүрсем деп ар­ман­дайды. Алла бұйырса, атажұртқа да жетер­міз. Туыстарымыз сол жерде. Қоныс аудару ниетім бар. Ал қазіргі Өзбекстан елінде қа­зақ бауырларыма  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беріп, ана тіліне деген сүйіс­пеншілігін арттырып жатырмын. Оларда атажұртқа деген сүйіспеншілік сезімін ұяла­та алсам, мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

 

 

Редакция таңдауы

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century («16 ғасырдан...

Елорда Жазушылар үйінде екі игі шара өтті

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы биылғы жылды екі маңызды іс-шарамен бастады. Әдеби басқосу аясында елордалық бөлімше директоры Дәулеткерей Кәпұлы жастар шығармашылығы жөніндегі орынбасарын...

Қазақ каскадерлері «Taurus» сыйлығына ие болды

Қазақстандық каскадерлер тобы Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Taurus» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл әлемдегі каскадерлердің ең беделді кәсіби сыйлығы, оны біздің «Қазақфильм»...

Қазақтың «қазақ» атын қайтарған қайраткер

Түпқарағанда патша заманында Николаев стансасы деп аталған елді мекенге Кеңес үкіметі басшылығы халыққа ешқандай еңбегі сіңбеген Алексей Егорович Баутиннің есімін берген. А.Баутин кедей, кәдімгі...
rrt pcr 1140x640 1

Ғалымдар коронавирустың басты жұмбағын ашты

АҚШ-тағы Йель университетінің ғалымдары әйелдерге қарағанда ер адамдардың коронавирустан көз жұму көрсеткіші...
575e28de a052 4dcf a2ae 4aa9297b9548

2020 жылы Қазақстанда 3,5 мың суицид жасалған: Мәжілісмендер Маминге депутаттық сауал жолдады

2020 жылы Қазақстанда 3526 суицид жағдайлары тіркелген, оның ішінде 144-і – жасөспірімдер....
09682a0a8d8f3c8ff4c0c51c862f46953e28932c

Алдағы аптада Жердің жанынан бес астероид ұшып өтеді

Алдағы жеті күн ішінде ғаламшарымыздың жанынан бес бірдей астероид ұшып өтеді. Бұл...

Жаңалықтар

Ғалымдар коронавирустың басты жұмбағын ашты

АҚШ-тағы Йель университетінің ғалымдары әйелдерге қарағанда ер адамдардың коронавирустан көз жұму көрсеткіші неге 1,7 есе көп екенін түсіндірді. COVID-19 ауыр белгілерінің дамуындағы жыныстық айырмашылықтардың...

2020 жылы Қазақстанда 3,5 мың суицид жасалған: Мәжілісмендер Маминге депутаттық сауал жолдады

2020 жылы Қазақстанда 3526 суицид жағдайлары тіркелген, оның ішінде 144-і – жасөспірімдер. Сонымен қатар,  бір жыл ішінде 4855 өз-өзіне қол жұмсауға талпыну жағдайлары тіркелген....

Алдағы аптада Жердің жанынан бес астероид ұшып өтеді

Алдағы жеті күн ішінде ғаламшарымыздың жанынан бес бірдей астероид ұшып өтеді. Бұл туралы NASA-ның Жерге жақын заттарды зерттеу орталығы хабарлады, деп жазады Ren.tv. 28...

Каспий жағалауында 300-ден астам итбалықтың қырылу себебі белгілі болды

Желтоқсанда желіде Дағыстандағы Каспий жағасында 300-ден астам итбалықтың қырылғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Ғалымдар жануарлардың қырылу себебін айтты, деп хабарлайды РИА Новости. Бүкілресейлік балық шаруашылығы...

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі тұтқындалды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті республиканың бұрынғы премьер-министрі Мұхаммедқали Әбілғазиевті тұтқындады. Бұл туралы  құқыққорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап "Sputnik Қырғызстан" хабарлады.  Басылымның мәліметінше, бұрынғы үкімет басшысы...

YouTube Трамп аккаунтын бұғаттау мерзімін ұзартты

YouTube видеохостингі АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа өзінің аккаунтында жаңа бейнелер жариялауға салынған тыйым мерзімін ұзартты. Бұғат қашан алынатыны белгісіз, деп хабарлайды Politico.  Шектеулер Трамптың...

Карантин: Концерттік бағдарламаларға рұқсат берілді

Өзбекстанда коронавирусқа байланысты енгізілген бірнеше карантиндік талаптар жеңілдетілді. Атап айтқанда, концерттік бағдарламалар мен кафе және мейрамханалардың түнгі қызметіне рұқсат берілді, – деп жазды ӨзА...

COVID-19: Қазақстан үшінші күн қатарынан «қызыл» аймақта тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 27 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 27 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдай 26 қаңтардағы көрсеткіштен еш өзгермеді: Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы...

Білім және ғылым министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Қанат Сәрсембаев ҚР Білім және ғылым министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлады primeminister.kz. Қанат Сәрсембаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби...

Нұр-Сұлтанда үйге газ орнату құны 30% арзандады

Елорда әкімдігі монтаждау жұмысының құрылысына маманданған жеке ұйымдармен бірнеше рет кездесу өткізді. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, мысалы, «Әлия сервис» ЖШС үй ішінде газ өткізу құнын 240...

Ұшаққа мінетін кезде коронавирус белгілерін жасырған жолаушы 1 жылға сотталды

Қытайға ұшар алдында коронавирустың белгілерін жасырған халықаралық әуе рейсінің жолаушысы бір жылға бас бостандығынан айырылды. ҚазАқпараттың Бейжің қаласының аудандық сот үкіміне сілтеме жасап жазуынша, 37...

Өткен тәулікте 1300 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда 26 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 1 397 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды, – деп жазды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 147 Алматы қаласы...

Отандық ғалымдар QazCovid-in вакцинасын әзірлеу барысы туралы айтты

Отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу барысында жылдар бойы жақсы нәтиже беріп келген технология қолданылды. Вакцинаның барлық құрамдас бөлігі басқа да вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылып келеді,...

Шымкентте басқарма басшысы 10 жылға сотталды

Шымкентте Сәулет және құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды. Жеңіс Байымбетов жарты миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын талан таражға салған деп айыпталып отыр. ҚазАқпараттың...

«Күн жылына бастайды»: бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, қар жауады, біртіндеп күн жылына бастайды. Дейтұрғанмен, кей жерде тұман, желдің күшеюі, бұрқасын,...

22 мың адамға зейнетақы төлемін алуға рұқсат берілді

«Отбасы» банкінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында: «Дәл қазіргі уақытта 22 300 адам БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемін алуға мақұлдама алды!», – делінген. 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт...

Желіде «Путин сарайын» бұзу туралы петиция пайда болды

Геленджик тұрғындары Краснодар өлкесінде салынған "Путин сарайын" бұзуды талап еткен петиция жариялады. Петиция Change.org сайтында жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Үндеудің авторлары заңсыз құрылысты бұзуды, қала...

Балғынбек Имашев: …Қару алып соғысуға дайынмын

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Instagram-дағы парақшасында халықтың мүддесіне қарсы заңды қабылдауға қарсы екенін жазды. – Алдыңғы поста айтпақ болғанымның жартысы сыймай қалды. Көршілер көтеріліп жатыр....

BEK AIR компаниясы ұшақ құлаған үйдің иесін тағы сотқа берді

Bek Air компаниясы жақында Алматы халықаралық әуежайының маңындағы ұшақ құлаған үйдің иесін тағы сотқа берді. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлады. Бұл жолы бұрынғы әуе компаниясының...

Сот үкімі: бұрынғы энергетика вице-министрі ақталып шықты

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақтап шықты. Оған бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылған болатын. Бүгін Судья Жанат...

Италия Премьер-министрі отставкаға кетпек

Италия Премьер-министрі Джузеппе Конте отставкаға кету туралы өтініш берді. Ел президенті Серджо Маттарелле Италия премьер-министріне міндеттерін атқаруды жалғастыруды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости. "Президент шешім...

Коронавирустан көз жұмғандардың саны күрт көбейгендіктен крематорий құрылысы қажет болды

Қазақстанға крематорий құрылысы не үшін қажет болды? Бұл сұраққа Әділет министрлігінің сарапшылық жұмысын ұйымдастыру департаменті Сот сараптамалары орталығының жұмысын бақылау басқармасының басшысы Темірболат Қожамжаров...

«Қасым хан» жобасындағы жымқыру ісіне қатысты «Қазақфильм» пікір білдірді

Бұқаралық ақпарат құралдарында «В потоках истории: обретая вечность. Касым хан» сериалының жобасы бойынша бюджеттік қаражатты жымқыру ісін тергеудің егжей-тегжейімен материалдар жариялануына байланысты, ақпаратты нақтылау...

Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Мемлекет басшысы қысқа мерзімде ҚР Президенті жанындағы Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды тапсырды. «Былтыр «көлеңкелі» экономика саласында ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты  рекордтық көрсеткіште іс қозғалды....

Эмомали Рахмон Тәжікстанның коронавирусты толық жеңгенін мәлімдеді

30 желтоқсаннан бастап Тәжікстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елдің коронавирусты толық жеңетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik. Оның айтуынша, Үкімет 2020...

Cот үкімі: «Қасым хан» киножобасынан 29,9 млн теңге жымқырылған

«Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаменті «Қазақфильм» АҚ «Қасым хан» киножобасы» филиалының директоры К.Ахметовқа және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады....

Болат ЗАУТҰЛЫ, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты: қандастарды солтүстік өңірге ынталандыру арқылы қоныстандыру қажет

Жаңадан сайланған қоғам белсендісі Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Болат Заутұлы қандастарды солтүстік өңірге ынталандыру арқылы қоныстандыру қажет екенін айтаты. Толықырақ сюжеттен көре аласыздар. https://www.youtube.com/watch?v=IIKqAP6lGBo&feature=youtu.be&ab_channel=GAKKUTV Видео: Нұржан...

Конор МакГрегор аралас жекпе-жектен шеттетілді

Ирландиялық спортшы Конор МакГрегор аралас жекпе-жектен (ММА) жарты жылға шеттетілді. Тengrinews.kz сайтының MMAJunkie басылымына сілтеме жасап жазуынша, МакГрегор денсаулық жағдайына байланысты октагонға шыға алмайды. Оның оң...

Учаскелік инспекторларға бюджет есебінен баспана сатып алынады

Алматы қаласында бюджет есебінен учаскелік инспекторлар үшін өздеріне бекітілген аумақта баспана сатып алынады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ішкі істер органдарын реформалауды жүзеге асыруда учаскелік...

Президент «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша оқулық даярлауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлауды тапсырды. «Оқушыларды оқыту мен дамытудың басқа да түрлері арасында дұрыс теңгерім болуы...

Қазақстандық вакцинаны салдырамын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты. Қазіргі ауыр жағдайдан шығудың жолы вакциналауға байланысты екеніне ерекше тоқталған Мемлекет басшысы:...

Елімізде ҰБТ толықтай электронды форматқа көшіріледі

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. "400 балабақша ашылып, 3-6 жас аралығындағы балаларды...

Мемлекет басшысы баспана бағасының шарықтауына тосқауыл қоюды тапсырды

Мемлекет басшысы Тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беру...

Халыққа берілетін несиенің үстемақысы 6 пайыздан аспауы тиіс – Президент

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа берілетін шағын несиелердің үстемақысы 6 пайыздан аспауы тиіс екенін айтты. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы. Оның...

Министр Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілетінін айтты

Пессимистік сценарий бойынша елімізде күн сайын коронавирус жұқтырудың тоғыз мың дерегі тіркелген жағдайда карантин шаралары қатаңдатылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі...

Үкімет басшысы биыл қай сала қызметкерлерінің жалақысы өсетінін айтты

Биыл 1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларымен қамтылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты. «Үкімет биыл халықты жұмыспен қамту және табысын...

Алматыда 50 жастағы әйелді автобус қағып, мерт қылды

Алматыда 50 жастағы әйелді автобус қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол апаты бүгін, 26 қаңтар күні таңертең О.Жандосов пен...

Ұлтының ұмытылмас тұлғасы – Cапар Байжанов

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетіндегі Е.Шәймерденов атындағы аудиторияда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі жазушы-публицист Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл толуына орай...

Әлі дүниеге келмеген баласын сатпақ болған жұп ұсталды

Хорезм облысының Ургенч ауданындағы Бекабад ауылының тұрғыны әлі туылмаған баласын сатуға әрекет еткен. Бұл туралы өзбекстандық басылымдарға сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.  Жергілікті...

Тұрғын үй құрылысы: Қазақстан ТМД елдері арасында 1-орынға шықты

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында тұрғын үй құрылысы саласында 1-ші орында, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, былтыр Қазақстанда тұрғын...

«Жарқыраған мың күн» кітабы  2021 жылдың Жыл кітаптары тізіміне енді

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен, сонымен қатар ҚР Мәдениет және...

Әлемде гауһарға сұраныс артты

Әлемде бірнеше жыл тоқыраудан кейін гауһар сатылымының тез қалпына келуі байқалады, деп хабарлайды Bloomberg.  Басылымның мәліметінше, De Beers тау-кен компаниясы шикі алмаз шикізатын жеткізу бойынша...

Елімізде коронавирустан көз жұмғандар көбейді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте қанша адам көз жұмғанын хабарлады. Өткен тәулікте коронавирустан 15, пневмониядан үш адам қайтыс болды. 1266 адам вирус жұқтырса,...

Дәрігер қорқор шегудің басты қаупін атады

Ресейдің қатерлі ісікке қарсы қоғамының басшысы, Блохин атындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының бөлім меңгерушісі Давид Заридзе НСН-ге берген сұхбатында қорқор шегудің қауіптілігі туралы айтты. "Біз...

69 млн теңге: Дүкеннен сәбіз сатып алған жігіт аяқ астынан байып кетті

Ұлыбританияда көкөніс сатып алған ер адам кенеттен байып шыға келді. Бұл туралы Daily Star-ға сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Сүйіктісі Трейсимен бірге тамақ әзірлемек болған Мартин...

Қазақстанда бір тәулікте 1266 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 266 жағдай тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.  Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында -21576(+91), Алматы қаласында - 21408(+132), Шығыс Қазақстан облысында - 19880 (+45), Атырау облысында...

COVID-19: Ғалым вакцинациялаудың шекті жасын атады

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның шекті жасы — 80-85 жас. Биология ғылымдарының докторы, Джордж Мейсон университетінің (АҚШ) жүйелік биология мектебінің профессоры, Ресей ғылым академиясының Медициналық-генетикалық ғылыми...

ШҚО-да есірткі сататын 21 жастағы қыз ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында алдын ала белгілі бір орындарға салып қою арқылы синтетикалық есірткі таратумен айналысатын жас қыз анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 11 қаңтарда Есірткі...

Маңғыстауда бала зорлаған қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айрылды

Маңғыстауда бала зорлау қылмысына алғаш рет өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі. Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі...

Димаш Құдайберген тыңдарманымен тікелей эфирде жүздеспек

Әлемге әйгілі отандасымыз Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен тікелей эфирде жүздесуге уәде берді. «Сәлем, Dears! Менің алғашқы онлайн-концертімді көргендеріңіз үшін рақмет! Мен және менің командам бұл кешті...

Мемлекет басшысы ауызсумен жабдықтауды субсидиялау туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер...

Алматыда жүргізуші «Сергек» камераларын алдамақ болған

Алматыда жол талғамайтын көліктің жүргізушісі "Сергек" камераларын алдамақ болған, - деп хабарлайды Polisia.kz. 35 жастағы азамат жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, жазадан жалтару мақсатында көліктің алдыңғы...

Белсенді Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз жазды

Белсенді Әйгерім Тілеужанова бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовты жауапқа тартуды талап етіп полиция департаментіне өтініш берді, деп хабарлайды NewTimes.kz. Бұл туралы белсенді жексенбі күні өзінің...

Украинаның Сыртқы істер министрлігі Путинді жау деп атады

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба оппозиция Алексей Навальныйды қолдайтынын айтып, пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz. "Менің жауымның жауы-менің досым. Мұны Навальныйға қазір наразылықтардың бейнесі...

Денесін бөлшектеген: Атырау облысында өз туысын өлтірген мұғалім келіншек ұсталды

Әлеуметтік желіде жазда Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында өз туысын өлтіріп, денесін ауладағы сарайда сақтаған мұғалім келіншек туралы ақпарат тарады, деп жазады "Ақ...

WhatsApp 30 миллионнан астам қолданушысынан айрылды

WhatsApp мессенджері қаңтар айының басынан бері 30 миллионнан астам қолданушысын жоғалтқан. Бұл туралды The Guardian хабарлады. Басылым дерегінше, бұған қолданушылардың қосымшаның жаңартылған нұсқасына көңілі толмауы...

Нұрсұлтан Назарбаев Асхат Аймағамбетовтің есебін тыңдады

«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне білім және ғылым саласының...

Елбасы Талғат Донақовты қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында...

Көкшетаулықтар вакцинацияға қарсылық білдіріп алаңға шықты

Көкшетау қаласының тұрғындары алаңға жиналып, жаппай вакцинациялау мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қарсылық білдірді. Онымен қоса бейнеүндеу түсірген. Видео әлеуметтік желіде "Көкшетауда митинг басталды"...

Қарақия ойпатындағы қоқыс үйіндісі жойылды

Қарақия-Қаракөл қорығының аумағында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады облыстың экология департаменті. Мұнайлы аудандық ТКШ бөлімінің қызметкерлері Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи қаумалының мамандарымен бірлесіп сенбілік өткізді. -...

Коронавирустан қайтыс болған науқастардың туыстары наразылыққа шықты

Бүгін Бішкекте коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары Денсаулық сақтау министрлігінің ғимараты алдында пикет ұйымдастырды. Наразы топ бас пульмонолог Талантбек Сооронбаев пен министрдің орынбасары Мадамин Каратаевтың...

Трамп өз партиясын құру туралы жоспарынан бас тартты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елдегі демократтармен және республикашылармен бәсекелес болатын үшінші ірі саяси партия құру туралы ойынан бас тартты. Бұл туралы Fox News...

Зейнетақы жинағын пайдалану: Порталдағы өтініміңіз жойылса не істеу керек?

«Отбасы» банкі enpf-otbasy.kz онлайн-платформасының жұмысын түсіндірді. «Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздердің өтінімдеріңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін: 1. Егер қажет...

SpaceX орбитаға жіберілген спутниктер саны бойынша рекорд жаңартты

SpaceX компаниясы спутниктердің рекордтық көрсеткіші – 143 аппараты бар Falcon 9 зымыран тасығышын ұшырды, деп хабарлайды РИА Новости. Бұдан бұрынғы рекорд 2017 жылы Үндістанда тіркелген...

Масканың орнына респиратор: Қорғаныс құралдарын пайдалану талаптары күшейтілді

25 қаңтардан бастап Австрия тұрғындары дүкендерде немесе қоғамдық көліктерде маскалардың орнына жоғары дәрежелі FFP2 қорғаныс респираторларын қолдануға міндеттелді. Бұл жаңалықты Австрия канцлері Себастьян Курц...

Шетелдегі қандастарға қазақ тілін үйрету жобасы талқыланды

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы арасында кездесу өтті. Жобаның басты мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтардың...

Елімізде баланың жүрген жерін анықтайтын жүйе іске қосылады

Қазақстанда баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін "Тап мені" жүйесі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп...

Коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартқандар жұмыстан қуылды

Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан айрылды.  Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме басшысы әйелімен бірге екпе салдырып, өзгелерді де вакцина алуға шақырған....

Ертең Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. «Ертең, яғни 26 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

Ер адам бастығы берген сыйлықтың арқасында 84 млн теңгеге байыды

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Шарлотт қаласының тұрғыны бастығынан Рождествоға сый ретінде алған лотерея билетінің арқасында ірі олжаға кенелді, деп хабарлайды UPI басылымы.  Та’Вон Бэттс...

Интернет арқылы көлік сатып алмақ болған Петропавл тұрғыны жарты миллион теңгесінен айрылды

Интернетте автокөлік сатып алмақ болған петропавлдық жарты миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Интернет-алаяқтық саны артып келеді, қылмыскерлер де түрлі амал-тәсілдерді ойлап табуда. Веб-ресурстардың...

1 ақпаннан бастап Алматы толығымен цифрлық телехабарға көшеді

1 ақпаннан бастап Алматы қаласы толығымен цифрлық эфирлік телехабарға көшеді, – деп хабарлады қала әкімдігі. 2021 жылдың 1 ақпанында Алматы қаласында «Көктөбе» телемұнарасында цифрлық эфирлік...

Бауыржан Байбек «Jas Otan» мен жас депутаттарға жүктелетін міндеттерге тоқталды

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен «Jas Otan» Орталық кеңесінің отырысында Нұржан Жетпісбаев «Nur Otan»-ның жастар қанатының жаңа басшысы болып сайланды. Бұл туралы партия...

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен Семей қаласының әкімі қызметіне Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды. Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын,...

Еліміздің кей аймақтарында күн жылынады

"Қазгидромет" 26-28 қаңтардағы ауа райы туралы болжамдарын айтты. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің кей аймақтарында аяз бәсеңдеп, күн жылынады.  Солтүстік Қазақстан облысында аяз бәсеңсіп, қар жауады, бұрқасын...

COVID-19: ШҚО-да қайтадан блокбекеттер қойылды

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақтағы шектеу шараларын 2021 жылдың 25 қаңтарынан 7 ақпанына дейін ұзарту туралы жаңа қаулы шығарды. Құжатқа сәйкес, облыста санитарлық...

Петропавлда аялдамаларға бейнебақылау камерасы орнатылды

Петропавлда бұзақылықпен күресу үшін әр автотұрақ, аялдамалардың жанына бейнебақылау камерасы орнатылды. Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, облыс орталығында қосымша жаңа 120 бейнекамера пайда болды. Бұл –...

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Денсаулық сақтау министрлігі 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен қаласы «қызыл» аймақта тұр....

Бойжеткен үшін бір-біріне оқ жаудырған азаматтардың үстінен қылмыстық іc қозғалды

Нұр-Сұлтанда жас жігіттер бойжеткен үшін бір-біріне оқ жаудырды, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. Елорда тұрғыны Эльмира Баекешева түнде болған атыс туралы Facebook-тегі парақшасында жазды. «Түннің...

Карантин: Маскасыз суретке түскен депутаттар айыппұл төлейтін болды

Семейде маска тақпай суретке түскен қалалық мәслихат депутаттарына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері мәлімдеді. Arnapress.kz сайтының мәліметінше,...

Елімізде 1 480 адам коронавирус жұқтырды

Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, 24 қаңтар 23:59-дағы эпидемиология жағдай бойынша 1 480 адам коронавирус жұқтырды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 211 Алматы қаласы - 135 Шымкент...

Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды

Бразилияның Порту-Насиунал қаласының маңында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионның футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды. ҚазАқпараттың Globo телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, апат орнында...

Аяз күшейеді: 10 өңірде ескерту жарияланды – Қазгидромет

Бүгін, қаңтардың 25-і күні, еліміздің басым бөлігінде күн суытып, көктайғақ болады, тұман түсіп, аяз күшейеді, – деп хабарлады Қазгидромет. 25 қаңтарда Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан...

Нью-Йоркте Навальныйды қолдау акциясында Қазақстан туы көтерілді

23 қаңтарда Алексей Навальныйды қолдау акциясы тек Ресейде емес, басқа да бірнеше мемлекетте өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нью-Йорктегі Таймс-скверде көптеген адам ту және...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындауларға шолу

Өткен апта ішінде жаңа Үкіметтің құрамы белгілі болды. Ведомстволарда вице-министрлер мен аппарат басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Апта басында Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Президент...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century («16 ғасырдан...

Төрт бірдей олимпиадаға қатысқан қазақстандық шаңғышы жол апатынан қайтыс болды

Төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті. Байрақты додаларда...

«UFC – оның деңгейі емес». Жалғас Жұмағұлов тағы да жеңіліп қалды (видео)

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-4) Абу-Даби (БАӘ) қаласында ұйымдастырылған UFC 257 турнирінде швециялық спортшы Амир Альбазиден (13-1) жеңіліп қалды. Үш раундқа созылған жекпе-жек Альбазидің пайдасына шешілді, алайда...

Атышулы Конор Макгрегор Порьеден техникалық нокаутпен жеңілді (видео)

Абу-Даби (БАӘ) қаласында өткен UFC 257 турнирінің басты кездесуінде  ирландиялық файтер Конор Макгрегор (22-4) америкалық аралас жекпе-жек шебері Дастин Порьеден (26-6-1) жеңіліп қалды. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын,...

Әлемге әйгілі тележүргізуші өмірден өтті

Америкалық тележүргізуші Ларри Кинг қайтыс болды. Қаралы хабар оның Twitter-дегі аккаунтында жарияланды. Америкалық тележүргізуші, журналист Ларри Кинг 87 жасында дүниеден озды. Кинг сенбі, 23 қаңтарда Лос-Анджелестегі...

Елорда Жазушылар үйінде екі игі шара өтті

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы биылғы жылды екі маңызды іс-шарамен бастады. Әдеби басқосу аясында елордалық бөлімше директоры Дәулеткерей Кәпұлы жастар шығармашылығы жөніндегі орынбасарын...

Балғынбек Алексей Цойды қарғап тастады

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың көктемде коронавирустың елімізде таралу ауқымы жайлы болжамына қарғыспен қарсылық білдірді. Ақын өзінің Instagram парақшасында «Қой үстіне...

Қазақ каскадерлері «Taurus» сыйлығына ие болды

Қазақстандық каскадерлер тобы Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Taurus» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл әлемдегі каскадерлердің ең беделді кәсіби сыйлығы, оны біздің «Қазақфильм»...

Жандос Бүркітбаев вице-министр қызметіне тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жандос Қонысұлы Бүркітбаев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында...

Елбасы Алтай Көлгіновті қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл жөнінде Елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде елорда әкімі Елбасыға қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен саниталық...

Тоқаев Алексей Цойға карантин жағдайын қатаң бақылауды тапсырды

Президент  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде...

Зинедин Зидан коронавирус жұқтырды

«Реал Мадрид» испан футбол клубының жаттықтырушысы Зинедин Зиданның коронавирус инфекциясына жасалған тесті оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. Зидан 2019 жылы...

Әлия Назарбаева: Барлығына бірдей көмектесе алмаймын

Әлия Назарбаева Instagram-ға көмек сұрап, өтініш білдіріп жазатын адамдар туралы айтты. Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! ⠀ Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады! ⠀ Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді:...

Зейнетақы жинағы ең көп өңірлер аталды

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова тұрғындарының зейнетақы жинағы ең көп 4 өңірді атады. «658 млрд теңге! Алматы қаласындағы салымшылар (зейнетақының бір бөлігін...

Қырғыз Республикасының жаңа президенті салтанатты ұлықтау рәсімінен бас тартты

Қырғыз Республикасының жаңа президенті Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі кезіндегі арнайы кортеж бен банкеттен бас тартты. Садыр Жапаров бұл туралы өз көзқарасын Қырғызстан президентінің ресми...