Жаңалықтар

Карантин талаптарын орындамағандар айыппұл арқалайды

ашық дереккөзі

Карантин талаптарын орындамағандар айыппұл арқалайды

Елімізде карантин режимін бұзғандарға қомақты айыппұл салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-премьер Ералы Тоғжанов айтты.  «Карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлғалар 30 АЕК-ке (1 АЕК - 2778 теңге / 30 АЕК - 83 340 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК-тен (638 940 теңге) жоғары сомаға тартылады. Тиісті нормативтік-құқықтық акті осы аптада қабылданады», - деді Үкімет басшысының орынбасары. Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті. Комиссия шешіміне сәйкес, 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, індеттің беті қайтпаса, карантин шаралары тағы екі аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.