Елбасы коронавирустан емделіп шықты
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус індетінен айықты.
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде хабарлады.
«Жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөлетін болады», - деп жазды А.Үкібай Twitter-де.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы
Нұрлан Нығматулиннің індеттен емделіп шыққанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ, Премьер-министрдің орынбасары
Ералы Тоғжанов та коронавирустан айығып, қызметіне қайта кірісті.