Жаңалықтар

Birgemiz

ашық дереккөзі

Birgemiz

Дүниенің дегбірін қашырған дерттің әлі де саябыр табатын түрі бай­қалар емес. Аты жаман ауру қа­лыпты тірші­лігі­­­мізден ай­нытып, бәрімізді алаң көңіл етті. Оңай емес. Әсіресе, онсыз да «шықпа, жаным шық­палап» отырған әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін бұл ауыр сынақ болып тұрғаны рас. Десе де, бір жағынан Үкімет, бір жағынан Елбасының бастамасымен құрыл­ған Birgemiz қоғамдық қоры сын шақта сырт қалмай, көмекке мұқтаж жан­дарға көмек, қолдау білдіріп жатқаны көңіл­ге медеу. Жақында қордың есебінен бір­жолғы атаулы көмек көрсетудің төртін­ші кезеңі басталмақ. Бұл көмек ауылдағы аса мұқтаж отбасыларға бағытталады. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Birgemiz қоғамдық қоры құрылғаны мәлім. 2020 жылғы 20 наурыздағы Үндеуінде Ел­басы Н.Назарбаев: «Еліміздің көмекке мұқ­таж әрбір азаматына қамқорлық көрсетілуі тиіс. Қа­зақстандықтар қиын кезеңдерде әрдайым бір-біріне жәрдемдескен. Тұтас­тығымызды тағы бір дәлелдейтін күн туды», – деді. Қорды құрудағы әу бастағы мақсат аза­маттарға, оның ішінде COVID-19 індетінен зардап шеккендерге атаулы және әлеуметтік қолдау көрсету, сонымен қатар республика­лық және аймақтық деңгейде жұмыс жүргізу болатын. Игі бастаманы еліміздегі ірі компаниялар, танымал кәсіпкерлер  қол­дап, қомақты қаржылық көмек көрсеткені баршамызға мәлім. Бүгінде қорға түскен қаражат аса мұқтаж отбасыларға белгілі мөлшерде беріліп келе жатыр. Қысылтаяң сәтте қиналғанға қол ұшын беру – халқымыздың қанына сіңген қасиет. Кәсіпкерлер мен қалталы азаматтардан бастап, ниеті түзу, жүрегі кең, мұқтажға кө­мек қолын созғысы келетін еліміздің әр­бір азаматы Елбасының Үндеуін қолдады. Қор­ға қаржы аударғандардан бөлек, әлеу­мет­тік аз қамтылған азаматтарға көмек­тес­кен еріктілердің де еңбегі зор екенін атап өткеніміз жөн. Қор жұмысының ашықтығын көрсету мақ­сатында Birgemiz қоғамдық қоры түс­кен қаражат пен аймақтар бойынша көр­сетілген көмек туралы барлық ақпарат тұрақ­ты түрде жарияланып отыратын birgemiz2020.kz ресми сайтын іске қосты.  Сайтқа кірген кез келген азамат банктік үзінді көшірмелерімен бірге ұсынылатын есептерді таба алады. Қор төрағасы Руслан Сакеевтің мәлім­деуінше, Елбасының үндеуіне қолдау біл­дірген меценаттардың арқасында Birgemiz қорының есепшотында 28,5 млрд теңгеден астам қаражат жинақталған. Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша осы қаражат есебінен бүгінгі таңда 7 санат бойынша 470 мыңнан астам от­басы немесе 1,6 млн қазақстандық атау­лы көмекпен қамтылған. 23 қаланың және оларға іргелес ауылдар мен елді мекен­дер­дің аса мұқтаж отбасылары 50 мың тең­ге­ден біржолғы төлемақы алды. Сонымен бірге коронавируспен күреске жұмыл­дырыл­ған 2 112 медицина қызметкері де қор қаражатынан 50 мың теңгеден алды. Жалғызбасты қарттарға, тұрмысы тө­мен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажет­тіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқ­таж жандарға әлеуметтік пакеттерді  үлес­тіріп беруге ерікті түрде атсалысып жүрген «Jas Otan» еріктілері де қор жұмысына белсене араласты. Олар қорғанысы әлсіз 100 мыңнан астам отбасыға Birgemiz қо­ры­ның қаражатына сатып алынған 5 миллион мас­каны тегін жеткізіп берді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасы бойынша Түркістан облысының Мақ­таарал ауданында су басудан зардап шек­кен Достық ауылының тұрғындарына ар­нал­ған жаңа үйлердің құрылысы жүр­гізіліп жатыр.   Мақсат  ХАЛЫҚ,  GSB UIB директорының орынбасары, экономист:

Ең бастысы – атқарылған жұмыстар

– COVID-19 індеті әлеуметтік әлсіз топ­тарға, әсіресе бір күндік жалақыға жұмыс істейтін қарапайым азаматтарға ауыр соқ­қы болды. Халық жұмыс істемейін, табыс таппайын деп жатқан жоқ. Бүгінгі індет жағдайы халықтың өз бетінше жұмыс істеп, нәпақасын табуына мүмкіндік бермей отыр.  Осындай сын сағатта Елбасының бас­тамасымен құрылған Birgemiz қоры COVID-19 індетінен зардап шеккен аза­маттарға атаулы және әлеуметтік қолдау көр­сетуді мақсат тұтты. Төтенше жағдай кезеңінде бұл қарапайым халыққа мате­риалдық тұрғыдан үлкен көмек деп ойлай­мын. Қор берген қаржы халықты байытып жібермесе де, қолдау болды. Халықтың жанына жара, көңіліне қаяу түсірмеуді ойлаған Елбасы қалталы азаматтарға үндеу тастап, халыққа қарайласуға шақырды. Қай заманда да осындай қиын кезеңде қалталы азаматтар қарапайым халыққа қол ұшын беріп, қолдау көрсеткен. Ондай мы­салдарды тарихтан көп кездестіруге болады. Birgemiz  қоры ұйымдастырған шара­лар – сондай көмектің бір түрі. Адам­дар кәрі болсын, жас болсын, бай болсын немесе кедей болсын, мұндайда бәрінің жағ­дайы бірдей. «Кемедегінің жаны бір» деп қазақ бекер айтпаған. Бәріміз бір жұды­рық­тай жұмылып қиындықты бірге жеңіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ, ға­нибет емес пе?! Елбасының бастамасын қол­дағанымыз дұрыс. Қор жұмысы алдағы уақытта да жалғаса берсе, тіпті жақсы болар еді.