Нью-Йоркте үш қабатты ғимарат опырылып түсті

Нью-Йоркте үш қабатты ғимарат опырылып түсті

Нью-Йоркте үш қабатты ғимарат опырылып түсті
ашық дереккөзі
Нью-Йоркте үш қабатты ғимарат құлады. Оқиға Бруклиндегі Кэрролл Гарденс аймағында болды, деп хабарлады New York Post. Ғимараттың барлық қабаты 36 жыл бойы элиталық фитнес-орталық болған. Алайда коронавирус індеті таралып, елде шектеу шаралары енгізілуіне байланысты  жаттығу залы бос тұрған. Куәгерлердің сөзінше, ғимарат құлаған кезде жарылыс болған. Төтенше жағдайдан бір адам зардап шекті. Абырой болғанда, ер адам жеңіл жарақаттаныпты. Тергеушілер тұрмыстық газ жарылған деген нұсқа бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Бұған дейін бұл үйге күрделі жөндеу жүргізілгені айтылуда. Алайда 10 маусым күні құрылыс нормаларының бұзылуына байланысты жөндеу жұмыстары тоқтатылған. Ғимаратты енді қалпына келтіру мүмкін емес.