Абайға Абай болмасақ…

Мақтан деген бір екіжүзді қанжар бар. Оны басқаға сілтеп, ауыртпай қанын ағызып жазым қылуға болады, өзгеге сес көр­сетем деп жүріп өзіңді жаралап алып, қансырап қалуың да мүм­кін. Десе де, осыны ескеретіндер аз, әсіресе  біздің халықта. Шәкәрім айт­пақшы:

Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін,

Дұспан мақтар елірте бермек үшін.

Есептемей есірік елің мақтар,

Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін.

Демек, мақтауда есеп бар, ал есеп бар жерде адамгер­шілік қайдан бол­сын?!

«Мақтау қауіпті нәрсе», – дейді Бауыржан Момышұлы. – Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау». Рас шығар. Бірақ қара ниетті мақтау мен ақ ниетті мақтауды қапелімде қайдан айырасың?..

«Мақтаудан өлген қазақтың моласы жоқ» (Қалтай Мұхамеджанов) десек те, био­логиялық өлім мен рухани өлімнің аражігін айыра білу керек шығар-ау! Білесіз бе, мақ­тай беру деген, шын мәнінде өз дәрмен­сіз­дігіңді бүркемелеу үшін, өзгеге жақсы атты көрінуге қам жасаған екіжүзді тірлік сияқты. Бірақ осыдан тыйылар күніміз жоқ. Тыйылу қайда, қайта үдетіп бара жатқан секілдіміз ғой. Басқасы басқа, біздің ұлт… ұлы ақыны Абайдың өзін сондай күйге салып қой­ғандай…

Әбдірәштің Жарасқаны айтпақшы, «Әр халықтың өзінің Абайы бар, Абайы жоқ ха­лықтың Құдайы жоқ» екені рас болса, неге ұлы ақын бізде ғана бардай күпінеміз? Ұлт болған жерде ұлылар туатыны аксиома емес пе? Неге Абайды танып-түсінудің, тал­дап-түсіндірудің орнына көпіртіп мақтай жөнелеміз? Неге өзімізге ыңғайлы болған кезде «абайшыл» бола қаламыз? Қара басы­мыздың мінін жасырып, Абай сөзін өзгеден есе қайыруға сілтейтін жуан шоқпар қылу ұлы тұлғаға қиянат болатынын шынымен түсінбейміз бе? (Бір саналы азамат өзін Абай сөзімен сынаған біреуге айтқан екен, «Әй, Абай ақын кемшілікті сынағанда мені саусағымен нұсқап көрсетіп, сенің пайдаң үшін сөз шығармаған шығар. Ол қазақ бол­са, екеумізге де ортақ» деп).

Абайға жасайтын жақсылығымыз – оны дәріптеу деп түсініп, «ойбай, керемет» деп ауызды ашып, көзді жұма беру емес, оның айтқанын ұғып, ұлық тұту десек, соны қанша қазақ түйсігімен сезіп, та­лантымен төбесіне көтерді?

Ахмет Байтұрсынұлы­ның 1913 жылы «Қа­зақ» га­зетінде басылған «Абай – қа­зақ­тың бас ақыны» атты ма­қаласынан бүгінге дейінгі 107 жыл­дың ішінде Абайға лайық не жа­садық? Әде­биетте Мұхтар Әуезов­тің «Абай жолы» роман-эпо­пеясы мен Тәкен Әлімқұловтың «Жұм­бақ жан» атты кітабынан, Асқар Сүлей­меновтің «Адасқақ» атты әңгі­мелер циклынан, Тұр­сынжан Шапайдың «Шын жүрек − бір жүре­гінен» басқа жалпақ жұртқа танымал бір­деңе бар ма? Мұхтар­дың тет­ралогиясын оқымаған қазақ аз, Тәкеннің кітабын сөз қадірін біле­тіндер жоғары бағалайды. Ал Асқар көп ха­лыққа түсініксіздеу стилдегі жазушы бол­ғасын сирек оқылады әрі оның шығар­масындағы Абай образы Асқардың өзіне ұқсаған кісікиіктеу болмысқа ие демесек, әдебиетті түсініп, қадір тұтатын қауым оны да жақсы бағалайды. Ал Тұрсынжан Шапай­дың кітабы – кейінгі дәуірдегі дарынды қазақ­тың Абай жұмбағына сүңгіп, оны құдіретін таныта алған аз еңбектің бірі.

Абай аты қойылған қаптаған көшелер мен елді мекендер, театр, мәдени мекеме­лер, мектеп аттары т.б. нысандар құрмет белгісі десек те, соншалық ерекше сый емес. Се­бебі ондай атаулар Абайдан басқа тұлға­ларға да берілген, беріліп жатыр, беріле бермек. Ақын атында журнал бар десек, ол типтегі журналдар көп әрі Абайға қатысты барлық нәрсені бір басылымға еншілеп беру ыңғайсыз және бір тақырыппен шы­ғатын басылымнан халық тез жалығады. Абайтануға арналған оқулықтар көп десек, оны мамандардан басқа ешкім оқып жарыт­пайды… Тек Алматыдағы Абай даңғы­лының бас жағында, Республика сарайы­ның алдында тұрған Абай ескерткіші (1960 жылы жасалған, биіктігі 13,7 метр бұл  өнері туындысының авторы – Хакімжан Наурызбаев) ұлы ақынға болмысына етенелігімен көңілге жылылық ұялатып, көзге ыстық көрінеді. Сол сияқты өткен ғасырдың 30-жылдарынан басталған қазақ театр өнеріндегі шоқтығы биік бір туынды − «Абай» операсы да ұлттық операмыздың мақтаныштарының бірі. Музыкасын ком­позитор Ахмет Жұбанов пен Латиф Ха­миди, либреттосын ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов жазған бұл операның алғаш­қы қойылымы 1944 жылғы 26 желтоқсанда қазақтың опера және балет теат­рында Абайдың 100 жылдық мерей­тойы қарсаңында қойылды (операны сах­наға шығарған режиссері Қ.Жандарбеков, суретшісі Қ.Қожықов, дирижері Л.Шарго­родс­кий). Кейін А.Жұбанов пен Л.Хамиди 1956 жылы операны қайта жазды. Содан бері «Абай» әлі сахнадан түспей келе жатыр.

Бір ғасырдан аса уақытта Абай атына лайық 5-6 нәрсе ғана жасай алсақ, ол аз ба, көп пе? Абайдың бізге бергеніне (жиі оқы­ла­тын Абай өлеңдері мен қарасөздері, шыр­қалатын әндері, жазба әдебиетіміздің негізін салушы ретінде әлемге ылғи көр­сететін классик тұлғасы) қарағанда, мүлде аз-ау… Шынына келгенде, Абай туралы жазылып жатқан шығармаларда есеп жоқ, бірақ соның бәрінің руханиятымызға ти­гізген пайдасы ауыз толтырып айтуға келер ме екен?..

Өткен ғасырда Абай шығармашы­лы­ғынан қорғалған ғылыми диссертациялар қанша? «Абай тілі сөздігі», «Абай энцик­ло­педиясы» жасалды, шығармалары көптеген тілге аударылды, т.с.с. Алайда сонша нәр­сенің өзімізге не өзгелерге де еткен әсері жайын­да айтуға келгенде күмілжіңкіреп қа­ламыз. Өйткені істелген іске келгенде сан­ның қарасы кісі қорқытады, ал сапа жа­ғы көңіл көншіте бермейді.

Қош, сонымен бір ғасырдан аса уақыт­тың ішінде маңдайға біткен жалғыз Абайды (негізінде бұл кісіден басқа ұлы тұлғалары­мыз да жоқ емес) құр мақтағаннан басқа шық­қан ұшпағымыз жоқ. Себебі не?

«…Абайға біздің кісілер әлі таңданып жүр. Себебі Абайдың дүниетанымының, дүниені түйсінуінің деңгейіне біздің  ру­хани элита әлі көтеріле алған жоқ», – дей­ді белгілі ақын Мейірхан Ақдәулетұлы бір сұхбатында. – «Дұрысында, Абайға  табы­нып, одан пұт жасаудың  қажеті жоқ, оны дос, пікірлес, тағдырлас етіп өзіңе сіңіріп алып, дүниеге соның күрделі, естияр сезімімен қарау керек. Сонда ұлт есейеді, түсінік тереңдейді». Қандай әділ айтылған сөз! Ал енді осындай ойды жұртқа тағылым етіп көрші, «Абайға түсінбеген көрсоқыр надан» немесе «ұлтқа іріткі салатын ойы бұ­зық» бірдеңе болып шыға келесің. Өйт­кені «Айналаңдағы адамдар мақтай беретін адамды яки затты жаман деуге аузың бармайды. Себебі көпшілікте теңдессіз күш пен билік бар» (Мо Янь). Сол көпшілікке ыза болғасын шығар,  жалғандық пен жә­реу­келікке жаны қас адуын ақын Өтежан Нұрғалиев: «Абай – әр уақытта да тамақта тұр­ған қылтан сияқты. Сен қаншалықты ақын болсаң да, Абайдан кейін екінші бо­ласың. Абай – жай ғана ақын.  Еуропада шамамен мұндай бес жүз ақын бар. Мұны «все­мирный скорость» дейді. Өте қайғыдан басқа ештеңесі жоқ. Оның смертный нүктесі жоқ», – деп жіберіпті бір сөзінде ашын­ғаннан. Бір қарағанда бұра тартқан сияқ­ты көрінгенімен, осы сөзде азы-кем шын­дық бар. Ол шындық – өзіне ұнамаған­дарды Абаймен жасқағысы келіп тұратын екіжүзді аярлардың нені көксейтіні…

Ақиқат деген жұрттың түсінігімен са­наспайды ғой. Бас-көзге қарамай төпелей беретін «абайшылдарға» «Қазаққа ес кір­генде, Абай ескіреді» деп жіберіпті, азуы ти­ген жерді оңдырмайтын Асқар Сүлей­менов. Ол сөз түсінген кісіге Абайдың ұлылығына шек келтіру емес-ті, керісінше, түсінуге тырыспағандарға Абай, Мейірхан ақын айтпақшы, «пұт Құдай болып» тұра бер­мекші. Әбіш Кекілбайдың бір сөзін сәл өзгертіп айтсақ, тамсандырып отырған тұлға Құдай да, оған тамсанып отырған кісі құл болса, «ол екі ортада махаббат қайдан жүреді, ол әншейін мәймөңкелік, жәреу­келік болады да». Демек, ұлыны ұлықтауды көпірте мақтау деген түсініктен тыйылмай болмайды. Ұлымыздың ұлы мұрасында айтылғанды түсініп, сүйсініп, жанымызға жақын тұтып рухани досымызға айнал­дыр­масақ, жетілдік дегеніміз бекер.

Абай туралы айтқанда, биыл ақынның 175 жылдығы тұсында жасалып жатқан қаре­кеттер жайында бір-екі ауыз айта кет­песек болмас. Жыл басында Қазақстан Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақа­ласын жариялап, онда Абай мұрасының жаңа дәуірдегі қазақ мемлекетінің рухани әлемін қалыптастырудағы рөлі жайында. ой қорытып, «Ұлы­лықтың тойы ұлт алдын­дағы ұлы міндеттің үдесінен шығу­дың жолын іздеуге ұмтыл­дыруы тиіс» деген болатын. Алайда осы бір жақ­сы ниет, із­гілікті іс басталмай жатып, Абайға қатыс­ты кейбір мәселелердің ел наразылығын ту­дыруы өкінішті жағдай бол­ды. Соның бірі − Абайдың кіндік қаны тамған Сыртқас­қабұлақ­та салынып жат­қан кешенге қазақ­тың ұлттық аспабы дом­быраның пішіні (ол да төбеден қара­ғанда көрінеді) пайдала­ныл­ғаны. Ол құрылыс нысаны белгісіз бір кісінің YouTube желісіне салған бейне­жаз­басы арқылы тарап, әлеу­меттік желілер мен БАҚ-тарда бел­­гілі қазақ өнер қайраткерлері тара­пы­нан сынға алынды. Ұлттық құндылыққа ай­нал­ған саз аспа­бының бейнесін аяқ ас­ты­на тастау рухани мұрамызға деген құр­мет­сіздік екенін айыптады. Ал оны салуға рұқсат берген жергілікті әкімдер аталған құрылыстың формасы Абай өлеңдерінің мәні негізінде жасалғанын («Туғанда дүние есігін ашады өлең») дәлелдеп бақты. Бәрібір көпшілік оны қолдаған жоқ.

Сол сияқты жер-жерде Абай мүсіндерін жасап, орнату істерінің де қарқын алып жатқаны байқалады. Бірақ олардың біразы жұртқа ұнамай жатқан сияқты. Мәселен, Жезқазған қаласында орнатылған Абайдың мүсіні труба секілді тасқа кигізіліп қоя салын­ған. Оған әлеуметтік желі қолдану­шылары «Тұғырға тұратын Абай мүсіні құбырда тұр» деп наразы болып жатыр. Сол сияқты суреті әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан, қоладан құйылған тағы бір Абай мүсіні де жұрттың көңілінен шықпай жатыр. Әлі тұғырына қонбаған бұл мүсінде ақынның үстіне шапан киіп, түрегеп тұрған бейнесі жасалған. Мүсіншінің Абайға «ки­гіз­ген көйлегі» ұзын әрі тарлау, ол жиы­рылып, ақынның қарыны қолайсыздау көрі­ніп тұр. Ұзын көйлектің етегінде әйел­дердің камзолында болатын қазақша ою бар. Бұл ақынның жұрт көзі үйренген қал­пына ұқсамайды. Орындалуы жақтан нашар шыққандай…

Ақының тағы бір мүсіні Алматы қаласы, Жетісу ауданы әкімшілігінің алдына орна­тылыпты. Ақынның кеудеден жоғары жа­ғын бейнелеген мүсін де жаман шықпаған. Бірақ Абай даңғылының басында, Респуб­лика сарайының алдындағы еңселі мүсін тұрғанда, бір қалаға одан артық емес екінші бір мүсін керек пе еді деп ойланып қала­сың…

Кейде құрмет көрсетудің соңы қым­батты арзандатып, қасиеттінің бағасын түсіріп жіберетін кездері болады. Осы тұр­ғыдан келгенде, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Lada Granta автокөлігінің  Аbai 175 бірегей топтамасының (барлығы 500 дана, әрқайсысы 2,8 миллион тұрады) құрас­тырылуы да көңілге қонымсыздау. Адам атын көлікке беру тәжірибесі жоқ емес, бірақ Ресейдің сапасы онша емес кө­лігіне қасиетті ақынның есімін жапсырып, «мата даңқымен бөзін өткізуді» көздеп отырған пысықайлардың тірлігі көңілге кірбің ұялатады екен.

Сосын биыл «Абай тв», «Әл-Фараби» те­леар­налары ашылғалы жатқанынан ха­бардармыз. Абай атымен аталған телеар­нада тек қана жақсы нәрселер насихаттала ма, әлде Абайды қадірлейтін халықты ұлы ақын атына қойылған телеарнаға телміртіп қойып, салтымызға жат моральды жарна­малай ма? Олай дейтініміз, қазіргі телеар­налардағы я тәрбиелік, я мағыналық мән­нен жұрдай арзан күлкі, даңғаза шоулардан көрермен мезі болғалы қашан. Салмақты, салиқалы дүниеге сусап отырғанымыз да рас.

Кезінде abai.kz порталы ашылғанда ұлтты ұйыстырып, рухани әлемімізді тұтастыққа жеткізер ұлттық мінбе болатын болды деп тақиямызды аспанға атып қуанғанбыз. Бүгінде аталған порталда демократия атын жамылған қайшылыққа толы материалдар жарияланып, оны астындағы пікір жазатын жеріне бір-бірінің етін шикілей жеп, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатқан қазақтарды көргенде Абайдың рухы алдында жерге кіріп кетердей ұяласың. Порталды ашқандар ұлы ақынның есімін ізгі ниетпен алған шығар-ау, бірақ оны түсінетін ел қайда?..

Міне, осындай жағдайларды көргенде маңдайға біткен жалғыз Абайды желпілде­тіп, оның қасиетті есімін анда-мында сүйрей беру ақылдылық емес-ау деген ойға келесің.

Абай − ұлтымыздың паспорты. Абайы­мызға абай болмасақ, елдігіміздің абыройы­на сызат түсуі оп-оңай.

 

 

Редакция таңдауы

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...
05

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің...
f47ccd67e7e8fb3980aae6fd6c48c42a

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі...
latyn l pbi

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға...

Жаңалықтар

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты,...

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru...

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының Президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан Президенті болып...

Байқоңырдан Ресейдің құпия құрылғылары ұрланды

Белгісіз біреулер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің құпия электроникасын ұрлап кеткен. Бұл туралы  "112" Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Арнаның мәліметінше, 1988 жылы "Буран" ғарыш кемесімен...

Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады

Психология ғылымдарының кандидаты Юлия Кочетова 8 наурызда әйелдерге cыйланатын ең сәтсіз сыйлықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды "Москва" жаңалықтар агенттігі.  Маманның айтуынша, ең жауыр болған сыйлық...

Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек

Құжатты саралайтын жаңа жұмыс тобының құрамында 65 адам бар. Парламент мәжілісінің депутаты Динара Закиева қоғамда қызу талқыға түскен балалар құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілерге...

Белгісіз коллекционер Черчилльдің суретін рекордтық бағаға сатып алды

Анджелина Джоли Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль салған "Кутубия мешітінің мұнарасы" картинасын рекордтық бағаға сатты. Белгісіз коллекционер картина үшін 8,2 миллион фунт стерлинг төлеген,...

Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды

Украина президенті Владимир Зеленский Донбассқа сапары кезінде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Үндістанда өндірілген Covishield препаратымен жүргізілді, деп хабарлайды korrespondent.net. Президент Жоғары бас қолбасшы ретінде вакцинаны...

Головкин vs Мунгия: Жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы (әлі IBO титулына ие) титулын мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО)...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза...

“Ұлытау” тобы АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық "Ұлытау" этно-рок тобы Лос-Анджелесте өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, оған әлемнің 83 елінен қатысушылар келген. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде топ...

Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті

Бразилиялық дәрігер ел билігінен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды РИА Новости.  Ел ауруханаларында орын жоқ, науқастар ем алу үшін кезек күтуге...

Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

Бүгінде қазақстандық магистранттар COVID-19 пандемиясына байланысты шетелде тағылымдамадан өте алмай отыр. Әлемде және Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайса, магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қаралады....

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ермек Кенжеханұлы...