Жаңалықтар

Атырау облысында 4 мың медицина маманы коронавирусты емдеу алгоритмін үйреніп жатыр

ашық дереккөзі

Атырау облысында 4 мың медицина маманы коронавирусты емдеу алгоритмін үйреніп жатыр

Атырау облысында 4 мың медицина маманы Covid-19-ды емдеу алгоритмін үйренуде. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысыи Нұрлыбек Қабдықапаров айтты.  «Бүгінгі таңда облыста 4 мыңға жуық медицина маманы жұмыс істейді. Олардың барлығы да Covid-19 індеті бойынша, диагностикалау, тиісті мекемеге жолдау, емдеу алгоритмін үйреніп жатыр. Медицина мамандарының басым бөлігі стационарларда коронавируспен күреске жұмылдырылады»,- деді Н.Қабдықапаров. Басқарма басшысының сөзінше, жыл басынан бері 115 медицина маманы коронавирус жұқтырған. Олардың 38-і - дәрігер болса, өзгелері кіші және орта деңгейдегі қызмет көрсететін мамандар. Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында індетке шалдыққандар саны 4133-ке жетті. Аймақта қатерлі вирустан 6 адам көз жұмды.