8-сынып оқушысы атасын құтқару үшін өкпені жасанды желдету аппаратын жасап шығарды (видео)

8-сынып оқушысы атасын құтқару үшін өкпені жасанды желдету аппаратын жасап шығарды (видео)

8-сынып оқушысы атасын құтқару үшін өкпені жасанды желдету аппаратын жасап шығарды (видео)
ашық дереккөзі
Ислам Жалғасбай есімді маңғыстаулық оқушы пневмонияға шалдыққан атасының денсаулығын оңалту үшін қолда бар заттармен өкпені жасанды желдету аппаратын жасады.  Бұл туралы Inaktau.kz хабарлады. 8-сынып оқушысының 62 жастағы атасы екіжақты пневмонияға шалдығып, ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер қарияның  денсаулығына байланысты болжамдар көңіл көншітпейтінін айтып, туыстарына оны үйіне алып кетуді ұсынған. "Жағдайы ауыр еді. Оны үйге алып келгеннен кейін де үміт үзбей күресуге шешім қабылдадық. Інімнің баласы Ислам YouTube желісінен бейнеролик көріп, өз бетінше өкпені жасанды желдету аппаратын жасап шығаруды ұйғарды", – дейді отбасының  туысы Рахат Тұрғанов. Осылайша, сегізінші сынып оқушысының қодан жасап шыққан аппараты кәдеге жарап, атасының өмірін сәл де болсын жеңілдетуге септігін тигізді. "Ислам жасап шығарған аппаратпен атамыз тағы бірнеше күн өмір сүрді. Алайда, өкінішке қарай, одан айырылып қалдық", – дейді Р.Тұрғанов. https://www.youtube.com/watch?v=P2i2ZUUvpE8 Айта кетейік, бұған дейін атыраулық кәсіпкерлер облыстық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппараттарын сыйға тартқанын хабарлағанбыз.