8 зілтемірші Риоға аттанады

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Риода өтетін Олимпиада ойындарына қатысады. Алайда төрт олимпиада чемпионы Рио-2016-дан шеттетілді деп хабарлайды prosportkz.kz.

Халықаралық ауыр атлетика Федерациясы (IWF) Қазақстан құрамасына РИО-да өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат берді. Бірақ допинг дауына байланысты екі жолдамасынан айырды. Енді он зілтеміршінің сегізі ғана Бразилияға аттанады.

Сондай-ақ, допинг қолданды делінген төрт Олимпиада чемпионымыздың (Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова) РИО-ға бармайтыны белгілі болды. Олардың тағдыры алдағы уақытта шешіледі.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын шетелдік БАҚ ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бір жылға спорттан шеттетілгенін жазған болатын.

 

Back to top button