COVID-19: Соңғы 4 айда індеттен 186 журналист көз жұмды
COVID-19: Соңғы 4 айда індеттен 186 журналист көз жұмды
Соңғы төрт айда коронавирустан 35 мемлекетте кемінде 186 журналист көз жұмды. Бұл мәліметтерді сәрсенбіде Женевада Press Emblem Campaign (PEC) үкіметтік емес ұйым жариялады, деп хабарлайды Хабар 24.
"2020 жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында кемінде 186 журналист COVID-19 ауруынан қайтыс болды" - деп хабарлады PEC.
Ал маусым айында 59 тілші бақилық болған. Сонымен қатар ұйым нақты жалпы көрсеткіш одан да жоғары екенін мәлімдеді. Өйткені барлық ел эпидемияның барысы туралы толық ақпарат бере алмайды және қайтыс болғандардың барлығы бірдей коронавирустық инфекцияға тексерілмеген.
Ұйымның мәліметінше әлемде баспасөз өкілдері арасындағы өлім-жітім бойынша бірінші орын Латын Америкасына тиесілі. Алдыңғы шепте қызмет етіп жүрген 93 журналист COVID-19-дан көз жұмған.