Рамзан Кадыров Путинді өмір бойына Ресей президенті етіп сайлауды ұсынды

Рамзан Кадыров Путинді өмір бойына Ресей президенті етіп сайлауды ұсынды

Рамзан Кадыров Путинді өмір бойына Ресей президенті етіп сайлауды ұсынды
ашық дереккөзі
Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров Владимир Путинді өмір бойына Ресей президенті етіп сайлауды ұсынды.  РИА Новостидің хабарлауынша, ол мұндай ұсынысты жергілікті билікпен жиналыс өткізу кезінде айтқан. Шешенстан басшысы өзінің Telegram-арнасында жиыннан үзінді жариялады. "Владимир Путинді өмір бойына президент сайлауға тиіспіз деп үнемі айтамын. Бүгін оны кім алмастыра алады? Әлемдік ауқымда ондай саяси көшбасшы жоқ", – деп мәлімдеді Қадыров. Ол сондай-ақ Конституцияға ұсынылған түзетулердің "мемлекеттік позицияны күшейтуге" қатысты екенін атап өтіп, әрбір ресейлікті дауыс беруге қатысуға шақырды. Еске сала кетейік, Ресей конституциясына түзету енгізу үшін дауыс беру 25 маусымда басталған еді. Ал 1 шілде - дауыс берудің соңғы әрі негізгі күні. Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, дауыс беретін учаскелер бүгін кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Жергілікті уақыт бойынша кешкі 8-ден кейін дауыс санау басталады. Айта кетейік, референдум өткізу үшін Ресейде 96,5 мыңнан аса, 144 елде 254 сайлау учаскесі ашылған. Тұрғындар сайлау учаскесіне барып дауыс бере алады. Сондай-ақ, ресейліктер қашықтан және "мобильді сайлаушы" механизмі арқылы дауыс беруге мүмкіндік алды. Егер тұрғындардың басым бөлігі Конституцияға енгізілген өзгерісті қолдаса, елдің қазіргі президенті 67 жастағы Владимир Путин 2036 жылға дейін мемлекетті басқару мүмкіндігіне ие болмақ.