COVID-19: Ресейде індетке шалдыққандар саны 650 мыңнан асып жығылды

COVID-19: Ресейде індетке шалдыққандар саны 650 мыңнан асып жығылды

COVID-19: Ресейде індетке шалдыққандар саны 650 мыңнан асып жығылды
ашық дереккөзі
Ресейде cоңғы тәулікте 6556 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 654 405-ке жетті. Бұл туралы елдегі коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады, деп жазады ТАСС. Штаб мәліметінше, соңғы екі тәулікте індет жұқтыру деректерінің өсімі 1 пайыздан аспаған. Ем қабылдап жатқан науқастар саны 225 879 адамнан 221 938 адамға азайды. Өткен тәулікте  10281 адам коронавирустан емделіп шыққан. Осылайша Ресейде індеттен айыққандардың  жалпы саны  422 931-ге жетіп отыр. Сондай-ақ, жедел штаб бір тәулік ішінде коронавирустан 216 адам көз жұмғанын хабарлады. Елдегі індет құрбандарының жалпы саны - 9 536.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 1604 адамнан қатерлі вирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 41 мыңнан асты. 13,5 мыңнан астам науқас емделіп шықты. Дерті асқынған 188 адам қайтыс болды.