Британдықтар Еуропалық Одақтан шығуды қолдайды

Британдықтар Еуропалық Одақтан шығуды қолдайды

Британдықтар Еуропалық Одақтан шығуды қолдайды
ашық дереккөзі
Ұлыбританияда жалпыұлттық референдумның нәтижесі бойынша, дауыс берушілердің 52 пайызы Ұлыбританияның ЕО-дан шығуын қолдап, 48 пайызы қарсы дауыс берген. Біріккен корольдік тәуелсіздік партиясының жетекшісі Найджел Фарадж "Біріккен корольдікте тәуелсіздік таңы атты. Егер болжам рас болса, ол барлық британдықтар үшін, лайықты адамдардың жеңіс болмақ!" деп мәлімдеді. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның көмекшісі Reuters агенттігіне берген түсініктемесінде елдің "беймәлім территорияда" тұрғанын жеткізді. Англияның солтүстік-шығысындағы қалалардың көпшілігі ЕО құрамынан шығуын қолдаса, Шотландия мен Солтүстік Ирландия тұрғындарының көпшілігі одақ құрамында қала беруге дауыс берген. Лондон тұрғындарының да көпшілігі ЕО құрамында қалуды қолдаған. Қаланың Ламбет ауданында сайлаушылардың 79 пайызы елдің одақ құрамында қалуын қолдаған. Ал референдумға елдегі сайлаушылардың 72 пайызы қатысқан. Ұлыбританиядағы референдум Еуропадағы тәуелсіздікті қолдайтын қозғалыс көтеріліп келе жатқан өзге елдерде де осындай референдум өткізуге түрткі болуы мүмкін деген қауіп бар. Елдің Еуропа Одағынан шығуын қолдап дауыс берген соң Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон британдықтар отставкаға кететінін мәлімдеді. Лондонда референдум қорытындысынан соң Даунинг Стритте мәлімдеме жасаған Кэмерон қазан айына қарай отставкаға кететінін мәлімдеді. «Мемлекетімізді келесі бағытқа бастап бара жатқан кеменің капитаны болғаным дұрыс болар деп оайламаймын», – деді Кэмерон. Кэмерон бұған дейін ЕО-дан шығудың экономикалық және қауіпсіздік тұрғысынан зардабы тиетінін айтып, британдықтарды одақ құрамында қала беруіне шақырған еді.