Қазақстанда бір адамға сатылатын дәрі-дәрмек санына шектеу қойылды

Қазақстанда бір адамға сатылатын дәрі-дәрмек санына шектеу қойылды

Қазақстанда бір адамға сатылатын дәрі-дәрмек санына шектеу қойылды
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елде әр адамға дәрі-дәрмек шектеулі түрде сатылатынын мәлімдеді.  «Біз әкімдіктермен және бөлшектік сауда желілері қауымдастықтарымен меморандум жасадық. Яғни бір адамға препарат 2-3 қаптама күйінде, шектеулі түрде сатылатын болды. Себебі ем-дом курсына дәл сонша препарат керек. Үйде препараттар босқа жатып қалмауы керек. Себебі олардың әрқайсысының өз жарамдылық мерзімі бар», - деді Л.Бюрабекова. Сонымен бірге ол бір үйде бірнеше адам ауырып жатса, дәрі-дәрмекті сату жағынан шектеу болмайтынын жеткізді. «Бұл - дәрігердің рецепті. Дәрігер ем-дом алу үшін тиісті курс бойынша пациентке дәрі жазып береді», - деді ол.