Қазақ қызы АҚШ-та хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды

Қазақ қызы АҚШ-та хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды

Қазақ қызы АҚШ-та хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Қазақстандық хоккейші қыз Бұлбұл Қартанбаева Америкада хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі хабарлады. «Қазақстандық Бұлбұл Қартанбаеваны құттықтаймыз. Бүгін ол Американың Нью-Джерси штатындағы Princeton Tiger Lilies хоккей клубының бас бапкері қызметіне кірісті» деп жазды елшілік Instagram парақшасында. Бұлбұл Қартанбаева - NWHL әйелдер лигасының тарихындағы бірінші қазақстандық спортшы. Ол өткен жылы америкалық «Метрополитен Риветерс» клубымен келісімшартқа отырған болатын.