БҚО Білім басқармасының басшысы тағайындалды

БҚО Білім басқармасының басшысы тағайындалды

БҚО Білім басқармасының басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Облыс әкімінің өкімімен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің келісімімен Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаева БҚО білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Мыңбаева 1963 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын математика және физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Фурманов ауданы Саралжын орта мектебі физика және математика пәнінің мұғалімі, Орал аграрлық-техникалық колледжінің І санатты оқытушысы, БҚО білім басқармасы орта жалпы білім беру бөлімінің бас маманы, мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарды. 2017 жылдың маусымынан бастап БҚО тілдерді дамыту басқармасына басшылық етті. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі БҚО әкімінің орынбасары болғанын жазған едік.