Кэмерон уәдесін орындамақ

Ұлыбритания үкіметінің басшысы Дэвид Кэмерон 3 айдан соң отставкаға кететінін мәлімдеді. Премьер-министр кеше өткен референдум нәтижесінен соң сөзінде тұрып, осындай қадамға бармақшы, деп хабарлайды  BBC News.

Референдумнан соң елге жаңа көшбасшылар қажет екенін айтқан Кэмерон британлықтардың кеше жасаған таңдауы олардың өміріне өзгеріс әкелмейтінін де атап өтті. Ұлыбританияның Еуроодақтың құрамында қалуын қолдаған премьер елдің одақтан іргесін аулақ салуы Еуропаға қауіп төндіреді деп алаңдаушылық білдірген болатын. Ал Guardian басылымында жазған мақаласында Кэмерон елдің Еуроодақтың құрамынан шығуы британдықтардың жалақасына және жалпы бағаға әсер ететінін айтқан еді.

Алайда дауыс берушілердің басым көпшілігі Дэвид Кэмеронның ескертулерін қаперге алған жоқ. Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуын жақтайтындар референдумда 16,7 миллион дауыс жинап жеңіске жетті. Тараптардың дауыс санында айтарлықтай алшақтық болмады. Бірнеше сағат бойы саналған дауыстардың нәтижесінде, екі тарап та алма-кезек алға басып отырды. Алайда ақырында Еуроодақтан шығуды жақтайтындар басым шықты. Әйтсе де, референдум заңды түрде ештеңе міндеттей алмайды. Яғни үкімет елдің тағдырын өзі шеше алады.

Back to top button