СОVID-19: емдеу хаттамасына өзгерту енгізілді
СОVID-19: емдеу хаттамасына өзгерту енгізілді
COVID-19 коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамасына толықтырулар енгізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Facebook-парақшасында жазды.
«COVID-19-ды диагностикалау және емдеу клиникалық хаттамасының 10-редакциясына коронавирус инфекциясын емдеуде айтарлықтай толықтырулар енгізілді. COVID-19 кезінде бактерияға қарсы терапияны б актериялық инфекция қосылған жағдайда ғана қолдануға баса назар аударылды. COVID-19 кезінде өкпенің вируспен зақымдануы эмпирикалық бактерияға қарсы терапияны бастау үшін көрсеткіш бола алмайды», – деді вице-министр.
Оның атап өтуінше, хаттаманы әзірлеушілер COVID-19-дың ауырлық деңгейі орташа науқастарға амбулаторлық деңгейде инфекцияның стационарға жатқызғанға дейін вирусқа қарсы препараттар қолдану ұсынысы қолдау тапқан. Бұл үшін хаттамаға амбулаторлық кезеңде емдеу сызбасы қосылып отыр: гидроксихлорохин және Лопинавир/ритонавир.
«Бұған қоса, ендігі уақытта пациенттер стационар деңгейінде Жапония мен Ресейде COVID-19-ды емдеуде кеңінен қолданылған Фавипиравир дәрісін ала алады», – деді Людмила Бюрабекова.