Карантин: 30 маусымнан бастап шектеу шаралары күшейтіле ме?

Карантин: 30 маусымнан бастап шектеу шаралары күшейтіле ме?

Карантин: 30 маусымнан бастап шектеу шаралары күшейтіле ме?
ашық дереккөзі
Қазақстанда 30 маусымнан бастап шектеу шараларының күшейтілетіні жайлы тараған ақпарат – жалған. Денсаулық сақтау министрлігі осындай ақпарат таратты. «Әлеуметтік желілерде Ведомствоаралық комиссия Қазақстанда 2020 жылдың 30 маусымы сағат 00.01-ден бастап белгілі бір уақыт ішінде шектеу шаралары күшейтілетіні жайлы ақпарат тарап жүр. Бұл ақпарат дұрыс емес. Шектеу шаралары туралы түпкілікті шешімді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің төрағалығымен мемлекеттік комиссия қабылдайды», –делінген ведомство таратқан мәліметте. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескерті.