Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы. 2020 жылдан бастап Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастады.
Жалпы, Алматы қаласында 173 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жеке меншік клиникалар. 2020 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 190,6 млрд теңгені құрайды.