"Жусан" операциясы: Террористік белсенділік аймағынан қазақстандық 163 әйел елге қайтарылды

"Жусан" операциясы: Террористік белсенділік аймағынан қазақстандық 163 әйел елге қайтарылды

"Жусан" операциясы: Террористік белсенділік аймағынан қазақстандық 163 әйел елге қайтарылды
ашық дереккөзі
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халыққа есеп беру кездесуінде діни экстремизммен күрес жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды.  "Жусан" операциясы аясында террористік белсенділік аймағынан қайтарылған 163 әйелді қайта әлеуметтендіру бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда олардың 144-і радикалды діни көзқарастардан бас тартты, ал кейбіреулері зайырлы өмір салтына толығымен көшті", - деді Аида Балаева. Ведомство басшысының сөзінше, 2019 жылы әлеуметтік желілерде, электрондық БАҚ және басқа да интернет-алаңдарда діни экстремизм идеологиясына қарсы насихаттау аясында 5,3 мыңнан астам интернет-ресурстардың мазмұны талданған. Оның ішінде 3,2 мыңы құқыққа қарсы сипаттағы материалдарды қамтиды. Олардың барлығы уақытылы бұғатталған. Айта кетейік, бұған дейін Аида Балаева қазақстандық БАҚ-ты мемлекеттік қолдау қадамдары қайта қаралатынын мәлімдеген. Сондай-ақ, министр елімізде екі жаңа телеарна – «Абай ТВ» және «Әл – Фараби» арналары ашылатынын хабарлаған.