Ресейліктердің жұмыс аптасы қысқарады

Ресейліктердің жұмыс аптасы қысқарады

Ресейліктердің жұмыс аптасы қысқарады
ашық дереккөзі
Ресей тұрғындары осы аптада 4 күн ғана жұмыс істейді. Ал 1 шілде күні жұмыс істегендер екі есе жалақы алады, деп хабарлайды ТАСС.  29 маусым мен 5 шілде аралығында Ресейде жұмыс аптасы қысқарады. Өйткені 1 шілде - конституцияға енгізілетін түзетулер үшін дауыс беретін негізгі күн. Бұл күні елде демалыс жарияланған. Ресей конституциясына түзету енгізу үшін дауыс беру 25 маусымда, елдің барлық өңірінде басталған еді. Ал Президент жарлығымен дауыс беретін негізгі күн - 1 шілде. Бұл - елде коронавирус инфекциясы таралмас үшін қолға алынған шара. Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, дауыс беретін учаскелер 25 маусым мен 1 шілде аралығында таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. 1 шілде күні жергілікті уақытпен кешкі 8-ден кейін дауыс санау басталады. Айта кетейік, референдум өткізу үшін Ресейде 96,5 мыңнан аса, 144 елде 254 сайлау учаскесі ашылған. Тұрғындар сайлау учаскесіне барып дауыс бере алады. Сондай-ақ, қашықтан және "мобильді сайлаушы" механизмі арқылы дауыс беруге мүмкіндік бар. Егер ресейліктердің басым бөлігі Конституцияға енгізілген өзгерісті қолдаса, елдің қазіргі президенті 67 жастағы Владимир Путин 2036 жылға дейін мемлекетті басқару мүмкіндігіне ие болмақ.