ҰБТ-2020: Мектеп түлектерінің 72 пайызы сынақ тапсырып үлгерді

ҰБТ-2020: Мектеп түлектерінің 72 пайызы сынақ тапсырып үлгерді

ҰБТ-2020: Мектеп түлектерінің 72 пайызы сынақ тапсырып үлгерді
ашық дереккөзі
Биыл ҰБТ-ға қатысуға 131 мыңнан адам ниет білдірген еді, оның ішінде 111 113 – биылғы оқу жылының мектеп түлегі. Осы түлектердің 72%-ы ҰБТ тапсырып үлгерді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады. 1-ші шілде күні жоспарға сәйкес осы жылғы мектеп түлектерінің соңғы легі ҰБТ тапсырады, осылайша 2019-2020 оқу жылының мектеп түлектеріне ҰБТ аяқталады. 21 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ тапсыратындар үшін кесте өзгермейді. 12 мыңнан астам алдыңғы жылдардың мектеп және колледж түлектері ҰБТ-ны 2,3,4 шілдеде емес, одан ертерек, 28, 29, 30 маусымда сағат 15:00-де тапсыратын болады. Олардың рұқсатнамалары жарамды, ауыстырудың қажеті жоқ. Егер тестіленуші өзінің ҰБТ тапсыру пунктіне келіп үлгермесе, info@testcenter.kz электрондық поштасына өтініш жазуы керек. Өтініш қысқа мерзімде қаралып, ол бойынша жақын жерде орналасқан облыс орталығында тапсыруға мүмкіндік беру жөнінде шешім қабылданатын болады.