Қырғызстан Үкіметі аппаратының 26 қызметкері коронавирус жұқтырды

Қырғызстан Үкіметі аппаратының 26 қызметкері коронавирус жұқтырды

Қырғызстан Үкіметі аппаратының 26 қызметкері коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Қырғыз Үкіметі аппаратының 26 қызметкері COVID-19 індетін жұқтырған. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.  Агенттіктің хабарлауынша, үкімет аппараты қызметкерлерінің індет жұқтырған-жұқтырмағанын анықтау үшін арнайы сараптама жүргізілген. Сараптама қорытындысында 26 қызметкерден коронавирус инфекциясы табылып отыр. Осыдан екі күн бұрын 11 адамнан вирус табылған еді. COVID-19-ға қайта жасалған сараптама барысында вирус тағы 15 қызметкерден табылды. Олардың арасында Премьер-Министрдің кеңесшілерінің бірі Артем Новиков пен Үкімет басшысының көмекшісі бар. Үкімет аппаратының жеткшісі - министр Таалайбек Темірәлиев байланыста болған адам ретінде қазіргі уақытта оқшауланған. Санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар алгоритміне сәйкес, олардың барлығы да үй карантиніне жіберіліп, тиісті ем алып жатыр. Олардың басым бөлігінде ауру симптомсыз өтіп жатыр. Вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да анықталған. Қырғыз Республикасы Үкіметі аппараты қызметкерлерінің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуін жалғастырып жатыр. Бүгінде Қырғызстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 4513-ке жетті. Елде індеттен 46 адам көз жұмды. Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков оқшауланатынын хабарлағанбыз. Бұған қырғыз басшысымен бірге Мәскеуге барған делегация құрамындағы екі адамның коронавирус жұқтыруы себеп. Қырғызстанның Президенттік аппараты сыртқы саясат бөлімінің бастығы Данияр Сыдықов пен бір қауіпсіздік қызметкерінен індет анықталғандықтан, . Сооронбай Жээнбеков 24 маусымда Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысқан жоқ.