Жаңалықтар

Коронавируспен күреске көмектесу үшін Байқоңырға ресейлік мамандар келді

ашық дереккөзі

Коронавируспен күреске көмектесу үшін Байқоңырға ресейлік мамандар келді

"Роскосмос" корпорациясының арнайы борты COVID-19-бен күресу үшін Байқоңырға келді, оның ішінде ресейлік федералдық медициналық-биологиялық агенттіктің мамандары бар. Осы рейспен жасанды тыныс алу аппараттары, екі мың жеке қорғаныс құралының жиынтығы мен қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Роскосмос"  мемлекеттік корпорациясы мен Ресейдің федералдық медициналық-биологиялық агенттігі "Байқоңыр" кешенінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қажетті іс-шараларды қолға алып жатыр", - делінген хабарламада. "Байқоңыр" кешенінде медициналық қызметті агентікке қарасты № 1 орталық медициналық-санитарлық бөлім көрсетеді. "Медициналық ұйым жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек пен медициналық техникамен толыққанды қамтамсыз етілген. Сондай-ақ кадрлық құрам күшейтілді. Қазіргі уақытта орталық медициналық-санитарлық бөлімде алты инфекционист және сегіз анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді", - делінген хабарламада. Бұған дейін Байқоңыр қаласында COVID-19 инфекциясының жаппай тарала басталуына байланысты алдын алу шараларының күшейтілгені хабарланған еді. 26 маусымдағы жағдай бойынша инфекциялық стационарда 60 адам емделіп жатыр, 28 пациент сауығып шыққан.