Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. Петропавл қаласында 28 маусым күні күндіз найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады. 28 маусымда Қостанай облысының күндіз кей жерінде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с болмақ. Қостанай қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 28 маусымда Қызылорда облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетіп, шаңды дауыл тұрады. Таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Көкшетау қаласында 28 маусымкүні күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні: 15-20 м/с.