27 Маусым, 18:40 391 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Қазақстанда Абай күнін бекіту ұсынылды

Жаңа мереке туралы «Ашық ҮЕҰ» порталында жарияланды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қаулысына сәйкес, Абай күнін 10 тамызға белгілеу ұсынылды.

«Аталған қаулыға сәйкес бекітілген Қазақстандағы мерекелік даталардың 22-1 пункіттерін мынадай мағынадағы сөздермен толықтыру керек. «22-1. 10 тамыз – Абай күні», – делінген құжатта.

Бұл ұсынысты талқылау 13 шілдеде өтеді. Ұсыныс-пікірлерді «Ашық ҮЕҰ» порталына жазып қалдыруға болады.

Айта кетейік, биыл қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады.

Соңғы жаңалықтар