Журналистер Президент алғыс хатымен марапатталды

27 маусым, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Журналистер Президент алғыс хатымен марапатталды Бүгін елордада бір топ журналист ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды. Алғыс хаттарды ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен табыстады, – деп жазды ҚазАқпарат. Сонымен Президент алғыс хатын «Айқын» сайтының редакторы Асқар Бек, «ҚазАқпарат» ХХА мультимедиялық контент бөлімінің басшысы Дулат Нуркин, «Қазақ радиоларының» редактор-жүргізушісі Бағдагүл Рахметқызы, «Хабар» телеарнасының тілшісі Гүлжан Марқабаева, «Казахстанская правда» газетінің шолушысы Елена Левкович, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы Төлен Төлеубай, Еуразия бірінші телеарнасының тілшісі Айдана Үсенбай алды. Айта кетейік, Дәурен Абаев бүгін ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын, гранттарын тапсырған болатын.