Жаңалықтар

Парламент Сенаты үздік журналистерді марапаттады

Парламент Сенаты үздік журналистерді марапаттады

Парламент Сенаты Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында журналистерге ар­налған «Аманат» және «Туған ел» байқауларының қо­рытындысын жариялады.

Оған республикалық және өңірлік телеарналардың, мерзімді басылымдардың тілшілері, блогерлер мен телеграм арналардың автор­лары қатысқан болатын. Сенат Төрағасы Мәулен Әшім­баев қатысушылар мен жеңімпаздарға Палатаның заң шығару қызметін дәріптегені және еліміздің күн тәртібіндегі мәселелерді ақпараттық тұрғыда ілгерілетудегі ерен еңбектері үшін алғыс білдірді. «Былтыр Мемлекет бас­шы­сының бастамасымен елімізде журналистердің кәсіби мереке­сі – Бұқаралық ақпарат құ­рал­дары қызметкерлері күні ресми түрде бекітілді. Бұл қадам – түрлі оқиғалар мен елімізде қолға алынған реформалар туралы халыққа шынайы және жедел хабар тарататын мамандарға деген құрметтің белгісі. Қазіргі күрделі уақытта журналистер дәрігерлермен, құқық қорғау ор­гандарының қызметкерлерімен және еріктілермен бірге корона­вирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүр. Олар қауіп-қатерге қарамастан, азаматтардың дә­лелді әрі дәйекті ақпарат алуы үшін аянбай жұмыс істеуде. Отан­дық журналистердің қыз­меті әрдайым жоғары бағаға лайық», – деді Мәулен Әшімбаев.