«NUR SUNQAR» байқауының жеңімпаздары анықталды

«NUR SUNQAR» байқауының жеңімпаздары анықталды

«NUR SUNQAR» байқауының жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөзі
Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында жазды. «Nur Otan» Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні – кәсіби мерекесінің қарсаңында дәстүрлі түрде «NUR SUNQAR» республикалық конкурсын осымен 11-рет өткізіп отыр. Бүгінде бұл сыйлық журналистер қауымы арасында беделді де танымал марапатқа айналды. «NUR SUNQAR» – медиа-қоғамдастық қызметкерлерінің елде жүріп жатқан реформаларды қолдау, қоғамдық маңызы бар жобалардың табысты атқарылуы және халықтың кері байланысын қамтамасыз ету бойынша сіңірген еңбегі мен үлесін бағалаудың бір көрінісі. Конкурстық комиссия биыл бірнеше жаңа номинация белгілеп отыр: «Алғы шеп» – Төтенше жағдайды жария ету бойынша қажырлы еңбегі үшін», «Біз біргеміз» – волонтерлік жұмыс туралы үздік жарияланым», «Партияның «қайта жандануы» бойынша үздік материал» номинациялары. Жалпы 135 өтінім және 355 материал берілді.
Құрметті достар! Пандемияға байланысты қалыптасып отырған қазіргі жағдай біздің салтанатты шараны өткізу жөніндегі жоспарымызды түбегейлі өзгертті. Биыл бізге партиялық сыйлықты салтанатты түрде тапсыру рәсімінен бас тартуға тура келіп отыр. Бұл – амалсыздан жасалып отырған қадам. Бұған барша қатысушылар түсіністік танытады деп сенемін. Партиямыздың Лидері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым журналистердің шығармашылығы еліміз бен халқымыздың игілігіне бағытталған ізгі істерге ұйытқы болуын қалады. Сондықтан да конкурстық комиссия ел дамуының өзекті мәселелерін жарыққа шығаруға елеулі үлес қосқан үздік сөз зергерлерін іріктеп алды. Партияның атынан және жеке өз атымнан «NUR SUNQAR – 2020» сыйлығының жеңімпаздарын лайықты марапаттарымен құттықтаймын! Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Журналистер күні құтты болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке және шығармашылық мол табыс тілеймін!», – деп жазды ол.
«NUR SUNQAR» байқауының жеңімпаздары:
  1. «Телевизия үздігі» – Саламат Омаш, «Qazaqstan» ұлттық арнасы
  2. «Ұшқыр қалам» – Айгүл Халықова, «Егемен Қазақстан» газеті
  3. «Үнжария» – Ләззат Әбдіреева, NS радиосы
  4. «QAZNET үздігі» – Альберт Ахметов, zakon.kz
  5. «Партияның қайта жандануы» – Нұрислам Ғұмар, «Қазақстан-Атырау» телеарнасы
  6. «Елбасы салған сара жол» – Серік Малеев, altynorda.kz
  7. «Блогосфера үздігі» – Айдос Жұқанұлы
  8. «Алғы шеп» – Ирина Әлімжанова
  9. «Біз біргеміз» – Әсел Тұрсынғазина, «Хабар» телеарнасы