Foundation-де оқып жүр, ел деп келген көп қандас (видео)

Foundation-де оқып жүр, ел деп келген көп қандас (видео)

Foundation-де оқып жүр, ел деп келген көп қандас (видео)
ашық дереккөзі
1991 жылдан бастап шетелден келген қазақ жастары жоғары оқу орнының қабылдау бөлімінде даярлық кур­сында оқи бастады. Бұл көші-қон саясатындағы ең нәтижелі стратегиялық жобаның бірі болды. Осы игілікті іс екі үлкен нәтиже берді. Бірінші, шетелде тұратын қазақтардың ана тілін сақтап қалуы мен жоғары білім алуына мұрындық болды. Диплом алып, жұмыспен қамтылуына мүмкіндік туғызды. Екінші пайдасы, шетелдегі қазақтарды елге кө­шіру­ге ең тиімді жолдың бірі осы болды. Әуелі жастар келіп, диплом алып, жұмысқа тұрған соң, ата-анасын атажұртқа әкелуде. Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылы шығарған №554 бұйрығы 2014 жыл­дың қазан айында елімізде толық жүзеге асты. Еліміздің 20-дан астам жоғары оқу орнында шетелдік қазақ жастарын оқы­татын Foundation факультеті болып құрыл­ды. Бұл бө-лімнің мақсаты – Қазақстандағы жоғары оқу орындарына түсетін та-лап­керлерді жалпы білім беруге дайындау және деңгейін арттыру, Қазақстанда өмір сүруге бейімдеу. Осы уақытқа дейін мемлекеттік грант негізінде Қытай, Моңғолия, Өзбек­стан, Ресей, Иран, Түркіменстан, Ауғанстан, Қырғыз Республикасы және Еуропаның бірқатар елдерінен қазақ жастары келіп, білім алды. Үкіметтен дайындық бөліміне жыл сайын 1 мыңнан астам грант бөлініп келеді. Атап айтсақ, 2018-2019 оқу жылы 1 200 грант бөлініп, 992 қандасымыз оқуға түскен болатын. 2019-2020 оқу жылына 1 000 орын бөлген еді. Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі №150 бұйрығына сәйкес,  2020-2021 оқу жылына 24 ЖОО-да дайын­дық курсы ашылатын болды. Дайын­дық бөліміне жалпы саны 1 300 орын бө­лінді. Ал Шығыс Қазақстан облысы, Семей қала­сындағы Foundation факультетінің жөні бөлек. Олай дейтініміз, дайындық бөлім­дері бар қалалар ішінде Семей шетел­ден жастар ең көп келетін қала. Оның басты себептерінің бірі Қытай және Моңғолиядан келетін жастар үшін Семей жақын, ауа райы да оларға қолайлы болып келеді. Семейдегі дайындық факультетінің құрыл­ғанына биыл 11 жыл толып отыр. Осы­нау жылдарда көптеген қазақ жастарын елге тартты, білім берді. Семей қаласына арнайы жасаған ісса­пары­мызда дайындық бөліміне барып, онда қызмет істейтін мамандар мен түлектерді әңгімеге тартқан едік. Гүлмира АҚИҚАТҚЫЗЫ, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Foundation факультетінің деканы:

Пандемия кезінде де қандастар балаларын дайындықта оқыта алады

 width= – Семей қаласындағы Шәкәрім атын­дағы мемлекеттік университетінің дайын­дық бөлімі – елімізде алғашқы болып ашыл­ған дайындық бөлімдерінің бірі. Был­тыр 10 жылдығын тойладық. Оған әлемнің 8 елінен қандастар келді. Еуропа елдерінен және Иорданиядан, Моңғолиядан делегат­тар қатысты. Осы он жылдықта мыңнан астам талапкер біздің дайындық бөлімінен үлкен өмірге жолдама алды. Қазір Семей қаласында екі дайындық бөлімі бар. Олардың барлығы дерлік мем­ле­кеттік грантпен оқиды. Ақылы оқитын ба­лалар аз. Екі университетте 120 бала білім алады. Біздің бөлімде 54 бала бар. Былтыр да 54 бала оқып, 28-і грантқа түсіп, 27 бала осы Шәкәрім университетінде қалған болатын. Бұл жоба ең тиімді, нәтижелі жоба деуге болады. Дайындық бөліміне келген бала­лар­дың шамамен 5 пайызы ғана туған елдеріне белгілі себептермен қайтып кетеді. Бас­қа­ла­ры ЖОО-ға оқуға түсіп, елде қалып жа­тыр. Карантин кезінде 44 талапкер жатақ­ханада болды. Оларды университет бас­шы­л­ығы ыстық тамақпен және басқа да азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Мен Қазақстан бойынша оқу әдістемелік кеңес­тің мүшесімін. Біз мынандай бір ұйға­рымға келдік: бұл пандемия қаншаға созыл­са да, бұған дайын болу керек. Бір ай, бір жыл, екі жыл болса да дайындық бөлім­дері­нің жұмысын тоқтатпаймыз деп отырмыз. Яғни бала елге келе алмай қалған күннің өзінде (грант тағайындалса) бала сыртта онлайн форматта оқиды. Оқу материал­дарына қол жеткізіп, келіп емтихан тап­сыруға мүмкіндік алуы керек. Еліміздің жоғары оқу орындарындағы Foundation факультетінде   оқып жатқан талап­керлердің біраз бөлігі төтенше жағдай режимі алынғаннан бұрын өз елдеріне қайтып кеткен болатын. Қазір еларалық ше­каралар толық ашыла қойған жоқ. Осы­ған байланысты, шетелдегі талапкерлер ҰБТ-ға қатыса алмай қалатын қауіп туында­ғ­ан еді. Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы бұл мәселенің әртүрлі жолдарын қарас­тырып көрді. Айталық, ҰБТ-ға онлайн қа­тысу секілді де жоспар да айтылды. Алайда мұның бәрі тиімсіз болғандықтан еларалық және ведомствоаралық келіссөздердің нәтижесінде шетелдегі қандастардың ба­лалары арнайы дәліз тәртібімен Қазақстанға келуіне мүмкіндік туып отыр. Бұл мәселеге «Отандастар қоры», Дүние­жүзі қазақтарының қауымдастығы және тиісті министрліктермен қатар құзырлы органдар атсалысуда.   Серік ҚУАНҒАНҰЛЫ, айтыскер ақын, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң универ­ситеті Foundation факультеті деканының орынбасары:

Дайындық бөлімдері – жастарды елге әкелудің тиімді жолы

 width= – Шетелдегі қандастардың балаларын Се­мейде дайындық бөлімдерінде оқыту 2009 жылдан басталды. Ол кезде Семей пе­да­гогикалық институты болатын. Ең бірінші Марат Орынтайұлы ағамыз бастады. Ол кісі бір жылдай басқарып тұрды. Ал жалпы Се­мей қаласына шетелдегі қазақ жастары­ның келуіне өлшеусіз үлес қосқан азамат Мұрат Тілегенұлы деген ағамыз. Ол кісі осынау оншақты жылдың көлемінде Қытайдан, Моңғолиядан, Өзбекстаннан қаншама жасты әкеліп, ЖОО-ға түсуге жол ашты.  Сол кезде дайындық бөлімі болып ашылып, содан бері міне, он жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бес жыл бұрын Қазақ инновациялық заң университетінде екінші дайындық бөлімі ашылды. Оған да қазір 5 жыл болып қалды. Бұл дайындық бөлімдерінің қазаққа берген жемісі өте көп. Өйткені осы он жыл­да қаншама қандастарды Семейде оқы­тудың нәтижесінде мықты-мықты түлектер шықты. Қазақ қоғамына пайдасы тиіп жүрген азаматтар қалыптасты. Өнер, ғылым сала­сында білім алып, Қазақстаның әр түк­пірінде өз мамандығы бойынша қызмет істеп жүр. Бұл шетелдегі қазақтарды атажұртқа тар­тудың ең бір тиімді, ауқымды жол­дары­ның бірі болды. Өйткені жасөспірім балалар мектеп бітіргеннен кейін білім-ғылым жолымен келіп, әрі қарай дайындық бөлімдерінде оқып, ЖОО-ға түседі. Одан әрі маман иесі болып, ең­бек­ке араласады. 4-5 жыл Қазақстанда жүр­ген жастар осы жаққа үйренісіп кетеді де, қайта шетелге кеткісі келмей қалады. Сондықтан да осында бір-бір шаңырақ болып қалып жатқан жастар баршылық.   Өзгерісхан НҰРЛАН, түлек:

Болашақта ата-анамды атажұртқа әкелгім келеді

 width= – Мен 2013 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан осы Семейдегі Шәкәрім университетінің дайындық бөліміне келдім. 2014 жылы оқуға түсіп, 2018 жылы оқуымды бі­тір­дім. Қазір Шәкәрім университетінің дайын­дық бөлімінде әдіскер-ұйымдас­тыру­шы болып қызмет етемін. Қазақ­станның шеттегі қандастарды осылай елге әкеліп, оқытып жатқанына ризашылығымыз шек­сіз. Біздің жұмыс істеп, еңбекке араласуы­мызға мол мүмкіндіктер тудырды. Жалпы, дайындық курсында оқыту жастарды елге біртіндеп бейімдеу деп түсінемін. Он жылдан асты қаншама жас елге ке­ліп, білім алып, жұмыс істеп осында  қа­лып жа­тыр. Көбі дипломмен ауылға баруда. Бо­лашақта өзім де ата-анамды атажұртқа әкел­гім келеді. Магистратураға тапсырып, білі­мімді жоғарылатсам деймін.   Сұңқар МАНАҚЫЗЫ, талапкер:

Осында келгенімізге өте қуаныш­тымыз

 width= – Мен былтыр күзде Шәкәрім уни­вер­ситетіне дайындық бөліміне оқуға келдім. Мұнда оқу үшін барлық жағдай жасалған. Білім беру сапасы да жоғары. Мұғалімдер де бізге жақсы қарайды. Жатақханамыз да жай­лы. Қысқасы, «не керектің» бәрі бар, жақ­сы оқу ғана қалып тұр, бізге. Алғаш келген кезде сәл өзгешеліктер бол­ды. Жүре келе бәріне үйренісіп кеттік. Мы­салы, шетелде қазақ тілі жақсы оқы­тыл­майды, Қазақстан тарихын мүлде өтпейміз. Осындай пәндерді игеруге біршама уақыт кетті. Ал менің таңдау пәнім – физика, мате­матика. Арманым –  физика мұғалімі болу.  Біз елдегі төтенше жағдай режимі ке­зінде де жатаханада жаттық. Сыртқа шық­қан жоқпыз. Осында келгенімізге өте қу­а­ныштымыз. https://www.youtube.com/watch?v=52qf_-6kRT4&feature=youtu.be