Жаңалықтар

Астанада 15 шаршы метрге 1-ақ адам тіркелмек

ашық дереккөзі

Астанада 15 шаршы метрге 1-ақ адам тіркелмек

Бұдан былай бас қала үйлерінде 15 шаршы метрге 1 адамнан артық тіркелуге шектеу қойылмақ.  Астананың миграциялық ісіне жауаптылар тіркеу заңнамасына осындай өзгерту енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы  деп хабарлады «Астана» арнасы.

 Астана қалалық көші-қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары Еркін Шомбинов жеткізуінше, аталмыш шектеуді енгізуді көздейтін заңнама қалалық маслихат талқысына өткен. Заңға жаңа талаптар енгізу туралы бастаманың көтерілуіне шаһар басшысының сыны себеп болса керек. Өткен аптаның басында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов тіркеуге тұру ісінің тым бейберекет кеткенін және елде «резеңке пәтердердің» қаптағанын айтқан еді. Ведомство басшысының  дерегінше, бір үйге 200-300 адамнан тіркелгендер де болыпты. Сондықтан енді пәтеріне көп адам тіркегендерге де жаза қатайтылуы мүмкін. Бүгінде Астанада ресми 857 480 адам тіркеуде тұр. Әзірге 15 шаршы метрге 1 адамды тіркеу талабы Алматыда ғана бар.

  “15 шаршы метрге бір адам ғана тіркелуге құқылы. Біз әкімшілікке ұсыныс бердік, қазір олар бұл мәселені қарауда. Шешімі шығуы керек жақын арады. Ең көбі бір пәтерде 140 адам тіркелген болатын”, – дейді Астана қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары Еркін Шомбинов. Жаңа ереже күшіне енсе, баспанасы жоқтарға тықыр таянбақ.