Дархан Мыңбай: Жауапкершілігі бар сөз бостандығына не жетсін?

28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Жур­­налистердің кәсіби мерекесі қар­саңында Парламент Мәжілісінің де­путаты Дархан Мыңбаймен болған сұхбатты оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік. Дархан Қамзабекұлы әлемдегі және еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдістері, ұлттық журналистиканың өзекті проб­лемалары, ғаламдық пандемияның өмірдің барлық саласына, адамдардың қоғамдық санасына әсері, оқырмандар мен көрермендердің талғамын, сұра­нысын қанағаттандыру мен кәсіби жур­налистердің әлеуетін арттыру жол­дары туралы сөз қозғайды.

– Дүние көз алдымызда жылдам өз­геріп, ақпарат технологиялары тез дамып жатқан тұста бұ­қара­лық ақпарат құралдарының маңы­­зы, оны заман талабына сай дамытудың көптеген мәселесі туындап отыр.  Ақпарат саласында кезек күттірмей атқарылуға тиісті істер деп қандай ұсыныс айта ала­сыз? Жалпы, қазіргі журна­лис­тикаға не жетіспейді?

– «Сөз бостандығы» деген ұғымның ай­туға жеңіл, қабылдауға ауыр кездері бол­ған. Жалпы, қоғам түзеліп, бағыт ай­қын­дал­ғанда, әр сөздің, терминологияның сал­мағы, жауапкершілігі болады. Соған қа­рамастан, қайсыбіреуге ол қазір де кере­ғар нәрсе ретінде ұғынылуы кәдік. Ал мы­на интернет ақпараты аузы-мұрнынан шығып жатқан дәуірде «енді бұдан артық не дәметесің?» деп өзіңді де, өзгені де са­бырға шақырғың келеді. Ойлансаң, бүгінгі журналистикаға бәрібір бірдеңе жетпей тұрғандай көрінеді. Ең маңыздысы – қоғамның қарапайым адамының құқығы мен ұлт құндылықтарын қорғап, қастерлеу шығар. Қай елдің болсын журналистерін елдік-ұлттық мүдде біріктірсе, Қазақстан қаламгерлері осы  бірлік пен табандылық­тың қай шебінде тұр? Алдында ма, соңын­да ма?

Бәлкім, қоғамымыздың әділ, бақуатты өмір сүріп, өрлеу жолына түсуі үшін әрбір аз­а­маттың санасын өзгертуге күш салу ке­рек шығар. Осыны ойлағанда, іліктес сұрақтар туа бастайды. Қазіргі журналист сөзі қоғам үшін салмақты ма? Қаламгер дәре­жесі мен мәртебесі бұрын қандай еді, қазір қандай? Халық оларға сене ме? Сені­мі бар ма?

Әлде, шындықтың шырақшысындай ғұ­мыр кешкен Шерхан Мұртаза ма­ман­дығына, «сен тұр, мен атайын!» деп хал­қына қызмет еткен оның әріптестерінің кә­сібіне қызығушылық кеміп тұр ма?

Қарап отырсаң, әр елдегі жур­налис­тердің жұмыс, кәсіп мәнерінде ептеп өзге­шелік болғанмен, қызмет міндеті, функ­ция­сы ұқсас. Барлық елде журналистика қа­терлі мамандықтар тізімінің алдыңғы қатарынан орын алған. Алайда әлемде бұл кәсіптің бекітілген халықаралық стан­дарты жоқ. Тіпті, оның қажеті де шамалы. Әйт­песе, батыс елдеріндегідей түрлі ұлт­тың, топтың танымына, сеніміне,  на­нымына, жасына, жынысына, тіліне т.б.  ерек­шелігіне байланысты кемсіту мен қорлау деп қабылданатын қайсыбір сөздер мен ұғымдар жеткілікті.

Айтуға тікелей не жанама тыйым сала­тын, айыптайтын норма журналистің аяғын жиі шалатыны да рас. Олар сәнге ар­налған терминін әспеттеп, саяси дұрыс ұста­ным (political correctness) деп алға тартады.

Әрине, әр елдің өз өркендеу жолы, өсу дең­гейі болатыны секілді, әрбір мемле­кеттегі журналистиканың да даму жолы біркелкі емес.

Ақпараттық кеңістік аясында бұрын­нан медиа-майдан, ақпараттық қақты­ғыс­тар болып келген, келешекте де жалға­сатыны жасырын емес. Сондықтан қазіргі саясатшылар мен сарапшылар бұқаралық ақпарат құралдарын жаппай қырып-жоя­тын қаруға теңестіреді. Ғарышты игеріп, күн­ сайын жаңа технологиялар енгізіліп жат­қан заманда жер шарында мүлдем жа­бық, томаға-тұйық ел жоқ десе де болады.

Осы жайттарды ескеріп, «саяси журна­лис­тиканың заманы өтті» деп айта алмай­мыз. Қазірдің өзінде алпауыт елдерде тарихты бұрмалауға, өздерінен басқаны қаралауға күш салып жатқан топтар жетіп артылады. Ғаламды жайлаған пандемия сал­дарынан осы саланың журналистері саяси садағын асынып, қорамсағына қол салып жатқанын да сеземіз.

Ал әлемдік бәсеке ендігі жерде өзгеше өр­шитінін ескерсек, экономикалық жур­налистиканың жұлдызы да басқаша жа­натын болады. Яғни текетірестің де, тартыстың да көрігін солар қыздырады. Қай­сы мемлекеттің ғаламдық індеттен кейін­гі экономикасы тезірек қалпына ке­ліп, дамитын болса, сол елдің журналистері әле­мдік ақпарат тізгінін ұстайды. Олар бүкіләлемдік және ұлттық экономиканың жаңа ұстынын, өндіріс түрлерінің, дү­ниежүзілік сауданың қалай, қай бағыт­тарда қарқын алатынын, ықпалдастықты, нарық, еңбек күші бөлінісін, тұтынушы мем­лекеттердің тәуекелін, тұрақты даму үстемдігін сараптауда үстемдікке қол жет­кізеді. Оның үстіне, бұл тақырып төңі­регінде жалданып жазатындардың, көз­бояушылықпен айналысатындардың қа­тары көбейетінін де ескерген жөн.

Әрине, сондай кезде халыққа ең жа­қыны да тартымдысы әлеуметтік жур­на­листика болмақ. Оның өкілдері шынайы өмірде адамдарға жасалатын нақты кө­мектерді, шиеленіскен проблемаларды дер кезінде ортаға салып, әлеуметтік жаңғыр­туға бағытталған бастамалардың қалай жүзеге асқанын, асатынын байыптауы тиіс. Журналистиканың ешқашан ескір­мейтін тағы бір түрін атап өткеніміз жөн. Ол – көптің көңілінен шығатын, ауқымы мен тереңдігі жағынан кез келген рейтинг бәйгесінде топ жаратын, телехабарларға, аналитикалық, деректі фильмдерге де дес бермейтін, баспасөздің көп жанрын қам­тып, бойына сіңіріп алған мазмұндық журналистика. Көлеміне қарамастан, бұ­қаралық ақпарат құралдарының қайсысы­нан орын бұйырса да, әлеуметтік желілер­дің өзінде де оның айдарынан жел есіп тұрады. Өйткені бұл саладағы журналистер эмоция жетегінде кетпей,  азаматтық по­зицияны дәріптейді, халықтың немесе тарихтың өзі бағалаған оқиғаны немесе кейіпкерлерді  нақты фактілерге сүйеніп қана айтады. Мұндай материалдар көбі­несе жекеменшік басылымдарда немесе жеке студияларда әзірленетіні де құпия емес.

«Жалпы, қазіргі журналистерге не же­тіспейді?» деген өте-мөте таныс сұраққа «уақыт және қаржы жетіспейді» деп одан да келте жауап қайыруға болар еді. Бірақ жаңа заманның талабын айтуды парыз санаймыз. «Газет – ұжымдық насихатшы, ұжымдық үгітші ғана емес, сонымен бірге ұжымдық ұйымдастырушы» деген Ле­ниннің анықтамасы 120 жыл ішінде көкейкестілігінен айырылғанын ескерген жөн. Баспасөздің міндеті тым ұлғайып кетті, тіпті күн өткен сайын оған қосымша жүк артылатын сияқты.

Біріншіден, қандай «насихатшы» болса да, оның сапасы заманға сай өсіп отыруға мін­детті еді. Қазіргі талғамы биік оқыр­ман­ның таңдау құқығына қол салмай, оның азаматтық көзқарасының қалып­тасуына мүмкіндік жасауды мойнына алған баспасөз ғана заманауи ортаны қа­лыптастырушы бұқаралық ақпарат құра­лы­на айналады. Бұл – бүгінгі күннің та­лабы.

Екіншіден, оқырман мен көрермен жаңа ақпараттық технологияларды үйрен­бей-ақ келеді. Олар бұрынғы дағды­сына салып, жалған ақпараттың өзін құлағына құйып алады. Қазіргі ақпараттық саясатқа, саяси технологияға ойлы, көзі ашық ауди­тория ғана бейімделе алады. Ал қалған қа­лың бөлігі дұрыс насихат пен бұрыс ақпараттың аражігін ажыратуды әлі күнге дейін өз міндетіне алғысы келмейді. Десе де, интернет, басқа да ақпарат көздері да­мыған заманда бұл – әр адамның құқы­ғы мен жауапкершілігі.

– Жақында Ақпарат саласын да­­мыту­дың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту бойынша Үкімет қаулысы шық­қаны белгілі. Осы ұлттық жос­пар­да мер­зімді баспасөзді сарап­та­ма­лық бағытта дамытудың маңы­зы, мәтінді деректермен, инфог­ра­фикамен байытудың артықшы­лы­ғы баса айтылған. Біз өз газе­тімізде осы бағытты мүмкіндігін­ше ұстануға тырысып келеміз. Десе де, аналитика жасайтын, зерт­тей білетін білікті кадр жетіс­пеушілігі анық сезіледі. Оның сыр­тында, газетті жеткізу, тара­туда олқылықтар жетіп артылады.  «Өзіңмен өзің бол» дейтін емес, мемлекеттік деңгейде шешімін күтіп отырған мәселелер бұл, ме­ніңше. Сіздің пікіріңізді білсек.

– Әрине, Үкіметтің ақпарат саласын да­мытуға арналған ұлттық жоспарды бекітуі еліміздегі медиа нарығының талабынан туындап отыр. Өйткені дүние бір орнында тұрмайды, қоғамдық қатынастар, еларалық байланыстар түрленіп, әлем өзгеріп жатыр. Соның бәрін күнделікті, тіпті сағат сайын бізге жеткізіп отырған – ғаламдық ақпараттық кеңістік. Қазақстандық БАҚ аталған кеңістікке кірігіп, өз орнын табуы үшін жұмысты жаңаша құруға тырысып жатыр. Айтар­лықтай жетістіктері де бар. Жан-жақты сараптама негізінде түзілген жоспардың мақсаты мен міндеттері ашық, нақты әрі айқын. Алайда елеулі, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін ең бірінші кезекте кәсіби журналистердің жұмыс істеуіне, жақсы табыс табуына мүмкіндік беретін заманауи механизмдерді іске қосу керек. Ол  – әр түрлі дәстүрлі марапаттар ғана емес,  жалпыұлттық журналистиканың деңгейін көтеретін, кадрлық сапасын арттыратын шараларды қамтитын жаңаша көзқарасты қалыптастыру үрдісі. Оның ішіне жиі айтылып жүрген салалық журналистиканы дамыту, халықаралық журналистиканы жолға қою кіреді. Мәселен, өте беделді әлемдік басылымдарда 50-60 сарапшы маман жазған зерттеу, талдау материал­дарының негізінде, бұрын-соңды басқа жерде жарияланбаған толымды бір ғана мақала басып шығаруы мүмкін. Сол ар­қылы кәсіби журналистер іріктеле бас­тайды. Мұндай тәжірибені еліміздегі БАҚ-тар жекелеген үлкен, дара тақырыптарда пай­далана алар еді. Сонда ғана БАҚ-тың ық­палы артып, қалың оқырманның ықы­ласы, қызығушылығы таралымды кө­бей­теді, тиісті министрліктер мен ведомст­во­лар, басқа да мамандар санасатын болады.

Шындығын айтсақ, бұл сала қазір қиын кезеңді бастан өткізіп жатыр. Өйт­кені ақпараттың көлемі ғана емес, жыл­дамдығы да бірнеше еселеп көбейген за­манда өмір сүріп жатырмыз. Ақпарат атау­лы жарықтан кейінгі ең жедел, барын­ша шұғыл, аса қымбат тауарға айналды. Әлем осылай бағалаған нәрсеге біздің басқаша қарауға құқымыз да жоқ.

– Қазір жыл өткен сайын мер­зімді ба­сы­лымдардың тиражы кеміп, көп басы­лымдар «шықпа жаным, шықпалап» күн кешіп жатқаны жасырын емес. Әрине, нарық­тық кезеңде біз не нәрсенің де ал­дымен экономикалық пай­да­сын көбірек қарастыра­тыны­мыз түсінікті. Десе де, газеттің шы­ғыны көп болып, өзін-өзі ақта­ма­ғанмен, оның идеологиялық тиімділігін  ұмытпаған дұрыс шы­ғар. Мәселен, бірқатар Еуропа елдерінде БАҚ-ты, оның ішінде газет-журналдарды қолдау үшін мемлекеттен субсидия бөлінеді. Сол секілді біздің елде ақпарат құралдарын қолдаудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?

– Журналист мамандығы кедейленіп ба­рады. Ол қарқынды, қызу бәсекенің, жарнама көлемінің кемуіне, таралымның азаюына байланысты. Ақпараттың балама көзі – әлеуметтік желінің де әсері жоқ емес. Дамыған өркениетті елдерде олар қатар өмір сүріп жатыр және ең беделді БАҚ-тар оқырманы мен көрерменіне қо­сымша өзінің сапалы сайтын ұсынады. Мұны мәртебе, мақтан деп емес, нарықтың, яғни тұтынушылардың сұранысын қана­ғаттандыру деп түсінеді. Ал олардың тал­ғамы да ұдайы өсіп отырады. Яғни қоғам­дық сананың өзгеруіне қарай шығар­ма­шылық жұмыстың өрісі де кеңейе бермек. Үш-төрт айдан бергі мәжбүрлі карантин салдарынан көптеген кәсіпорын амалсыз жұмысын тежеді. Бұл жағдай жалпы БАҚ-қа ауыр тиді. Сауда-саттық, шағын биз­неске көрсетіліп жатқан қолдаудан жур­налистер де шет қалмауы үшін тиісті талдау жүргізу артық болмас еді. Өйткені тауарлар мен қызметтерді тұтыну нарығы көп нәрсені шешетінін ескерген жөн. Мем­лекет тарапынан ақша бөлудің орнына жәрдем көрсетудің басқа да жолдары бар. Мәселен, баспасөзді таратқаны үшін поштаның қызметіне мемлекеттік және өңірлік субсидиялар мен жеңілдіктер беру. Жалпы, газет-журнал басып шығаруға, таратуға тек «шығындар статьясы» деп қа­на емес, жауапты саланың, жауапты биз­нестің маңызды әлеуметтік қызметі деп қарайтын уақыт келді.

Сондай-ақ қағаздың құны валютаның өсіміне тәуелді екені белгілі. Қазір Қазақ­станда өндірілмейтін,  жасалмайтын қағаз, бояу, басқа да материалдарға бажды жоққа шығаруды (обнулить) неге қарастырмасқа? Сонымен бірге басылымдарды тарату­шыларға қосымша құн салығын да азайту керек. Үкімет қосымша қаржы бөлмей-ақ, баспасөздің  қаржы табуына, яғни бірқатар мәселені өзінің шешуіне мүмкіндік туғызғаны абзал. Сонда Ұлттық жоспарда көзделген сараптамалық аналитика да, инфография жайы да, қаламақы кестесін қайта есептеу де шешілер еді. Баспасөз әлеуметтік тауар болғандықтан, қазіргі 12 пайыз қосымша құн салығын 4-5 пайызға кеміту арқылы медиа саласында дағд­а­рыстың алдын алуға болады деп есептей­міз. Мұндай қадам елімізде журналистік кәсіпке, мамандыққа деген қызығушы­лықты сақтап қалуға әрі дамытуға мүмкін­дік береді.

Биыл мемлекеттік ақпараттық саясат­ты жүргізуге республикалық бюджеттен 56,7 миллиард теңге қарастырылып отыр. Құбылған әлем жарысында еліміздегі телевизия саласының, баспасөз ин­дустриясы мен әлеуметтік желілердің бә­секеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бұл қаржы толық жетпейтінін  де ашық айтуға тиіспіз. Сондықтан мемлекетіміз алға қойған ауқымды міндеттерді орындап, биік мұратқа жету үшін, рухани жаң­ғыруды үздіксіз жүзеге асыру үшін әрбір журналистің отаншылдық қасиетіне, кәсіби адалдығына үміт артып, сенім білдіреді. Ел сұранысы мен қаламгер ниеті үйлескенде нәтиже де оң, еңбек те табысты болмақ.

– Тағы да сол ұлттық жоспарда аза­маттық журналистика өкілдері мен блогерлердің құқықтық мәр­тебесін айқындау жөнінде жазыл­ған. Мұны әлеуметтік желі күш алып тұрған шақта, блогерлердің жауап­кершілігін арттыруға бағыт­талған шара деп ұқтық.

– Азаматтық журналистика өкілдері мен блогерлердің құқықтық мәртебесін айқындау қос тарапқа да пайдалы болады деп ойлаймын. Тіпті, қалай аталса да ол БАҚ өнімін береді. Осыған байланысты грузин жазушысы Нодар Думбадзенің жазғаны еске түсіп отыр. Америкадағы бір кездесуде одан: «Социалистік реализмнің мәні не?» деп сұрағанда, ол: «Шынымды айтсам, соны өзім де жақсы білмейді екенмін. Біздің елде  «Завтрак туриста» деп аталатын балық консервісі шығады. Бір жолы соны алып, түскі аста жеп көрдім, бәрібір тәтті екен» деп жауап қайырған екен. Сол айтқандай, бар мәселе – оқыр­манға арналып жазылған дүниесінде. Ол үшін міндетті түрде журналист болу да шарт емес, сөз өнерін шебер меңгерген аза­маттардың жазғанын оқырман әрқа­шан жақсы қабылдайды.

 

Сұхбаттасқан Қуат ӘУЕСБАЙ

 

Редакция таңдауы

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...
makataev

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы...
bf4f4f04fd3ccff0ff70d75e3dcecbc1

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне...
05 1

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың...

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Қазақстан Елшісі Моңғолияның Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрі Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен кездесуі өтті. Ж.Әділбаев Л.Оюун-Эрдэнэ мырзаны Премьер-Министр қызметіне тағайындалуымен және дәстүрлі Шаған мерекесімен (ай...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

Димаш – ақиқатқа айналған арман

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...

Қар, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника шығарылды, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты. «Қазгидромет» РМК...

«Бірнеше күн нәр татпаған»: Ресейлік жазушы өз пәтерінде өлі күйінде табылды

Мәскеуде жас жазушы Аделина Шелдон өлі күйінде табылды. Бұл туралы Рен ТВ телеарнасы хабарлады.  Арна мәліметінге, 20 жастағы қыз өз пәтерінде көз жұмған. Соңғы бірнеше...

Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?

Әлемдегі әуежайлар коронавирус кесірінен 112 млрд доллар шағынға ұшыраған. Мұндай мәліметті Әуежайлардың халықаралық кеңесі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус жайлаған 2020 жылы шығын...

Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды

COVID-19-мен ауырған балалардың жартысында төрт ай бойы осы аурудың кем дегенде бір симптомы сақталады. Мұндай түйткілдер ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды "Известия". Мамандардың...

Трамп жарлығының күші жойылды: Байден кейбір шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың 2020 жылдың сәуірінде шетелдіктердің кейбір санаттарына елге кіруге тыйым салған Жарлығын жойды. Бұл туралы РИА...

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Ресейдің Братск қаласында жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз тоқ соғып мерт болды. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы РФ тергеу комитеті өңірлік...

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп....

Нұр-Сұлтанда аяз: 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ...

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жоғары оқу орындары басшылығымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы...

Атырауда Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасы қаланды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында атақты Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасын қалады,- деп хабарлайды...