Елорда соттары 3 шілдеге дейін карантинге жабылды

Елорда соттары 3 шілдеге дейін карантинге жабылды

Елорда соттары 3 шілдеге дейін карантинге жабылды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласы соттарының жекелеген судьялары мен қызметкерлерінен Сovid-19 вирусының анықталуына байланысты қала соттары 24 маусымнан 3 шілдеге дейін карантинге жабылды. Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады. «Сот істерін онлайн қарау кейінгі қалдырылды. Осы уақыт аралығында әкімшілік істер, бұлтартпау шарасын санкциялау, күзетпен ұстау мерзімін ұзартумен байланысты материалдар және кейінгі қалдыруға жатпайтын бөлек материалдар қаралады. Аталған шаралар азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған. Түсіністікпен қарауды сұраймыз. Өздеріңіз бен жақындарыңызды сақтаңыздар!», – делінген хабарламада.